Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұстаздық еңбектерінің зейнетін көрмек


29 октября 2010, 19:16 | 2 701 просмотр



Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп- лицейінің педагогикалық ұжымында жалғасын тапқан жақсы дәстүрлер көптеп санлады. Солардың бірі - зейнеткерлік жасқа келген ардагер ұстаздарды құрметті демалысқа шығарып салу дәстүрі.

Биылғы оқу жылы бұл ұжым үш бірдей зейнеткерлік жасқа келген әріптестеріне құрмет көрсетіп, заңды демалыстарына шығарып салуға дайындалуда.

Олар жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Білім озаты» Ошақбаева Дина Несіпбайқызы, жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Әлімқұлова Ұлтуар, жоғары санатты технология пәнінің мұғалімі Қасымжанова Фарида Нағашыбайқызы. Педагогикалық жұмыс өтілдері 38-40 жылды құрайтын бұл ардагер ұстаздардың еңбек жолдары кейінгі толқын ұстаздар қауымына үлкен өнеге, мол ғибрат.

Талдықорған өңірінде туып-өсіп, ұстаздық жолды таңдаған бұлардың тағдырлары да ұқсас. Жоғары оқу орны, ауыл мектебі, тұрмыс иірімімен қатар келген қала тіршілігі, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейіндегі табаны күректей жиырма жыл. Уақыт- өмір безбені деген осы. Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп – лицейіндегі қиыны мен қызығы бірге жүретін ұстаздық өмір жолдарын олар өмірлерінің ең мазмұнды кезеңіне балайды.

Осы уақыт аралығында жүздеген шәкірттер ұстаз тағылымын көрді. Олардың барлығы да республикамыздың түпкір-түкпірінде жемісті еңбек етуде. Хат жазып, хабарласып тұратындары бар. Ұстаз бақыты деген де осы шығар.

Бүгін де бұл ұстаздар бір-бір үйдің ақылшы отаналары екі-үш немере сүйіп, әйел ғұмырының ең бір бақытты сәттерін өткізуде.

Ұжым мүшелері оларға жылдар бойғы ұстаздық еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер, денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырларыңыз ұзақ болсын деген тілек айтады.

Автор:
Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымы