Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҮШҚОҢЫРДА «ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ КИІМІ МЕН ТАҒАМЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


28 августа 2019, 05:06 | 1 613 просмотров



Алматы облысындағы Үшқоңыр тауының етегінде орналасқан Nomad этноорталығында 11-17 тамыз аралығында ұлы қазақ даласының төл мәдениеті мен ата-бабаларымыздың көшпелі өмірінен сыр шертетін этнофестиваль болып өтті.

Бір аптаға созылған мәдени шарада қонақтар қазақ ұлттық киімдерінің тігілуі мен ұмыт болған ұлттық астардың мәзірімен және тағам дайындаудың қыр-сырымен танысты. Шара  Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасының жүзеге асуына ұлттық тағамдар асханасының таңдаулы аспазшылары, білікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер атсалысты.  Қонақтарға шеберлік сағаттары мен этно-көрсетілімдер, сонымен қатар әскери парадтар, ұлттық музыка концерттері, атпен серуендеу ұсынылды.Ежелгі номадтардың көшпелі өмір салтын бейнелейтін фестивальға жиналған халықтың қарасы көп болды.

 

Автор:
http://kazgazeta.kz