Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұстаздардың ұстазы


29 октября 2010, 19:17 | 1 397 просмотров


«Өз елі, өз ерлерін ескермесе, Ел, тегі, алсын қайдан кемеңгерін»

І.Жансүгіров

Соғыс және еңбек ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ақсу ауданының құрметті азаматы Бейсебек Қорғанбаев ақсақал соғыстан кейінгі жылдары Ақсу ауданында шаруашылықтарда (колхоз, совхоз) Бастауыш партия ұйымының хатшысы, мектептерде директор, аудандық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы аудандық оқу бөлімін басқарды.

Бойда жігер, күш қуатың тасыған,

Қызу қанды жігіт болдың жасыңнан.

Адамзаттың арманы не шын ұқтың,

Талай-талай селді өткіздің басыңнан.

Халық айтқан даналықпен жүреді ер,

Ұстаздардың ұстазысыз біледі ел.

Қалаулысы бола білген халықтың,

Сендейлердің абыройын тіледі ел.

Сен көрмеген, сен өтпеген сын бар ма?

Аш-жалаңаш кешіп жүрдің мұз қарда.

Жас кеңестің дәуірінде туып сен,

Қалт-құлт етіп әлсіз аяқ басты алға.

Аштықты да көрдің қуғын-сүргінді,

Нәр татпай-ақ өткіздің-ау кей күнді.

Халық жауы деп Ілиясты атқанда,

Күңіреңді ел, жылап жер де сілкіңді.

Осылардай көрдің нәубет талайын,

Бір өзіңе жар боп Алла, ағайын.

Сен ер жеттің,

Тұрды алда тағы сын,

Дүниені дүр сілкінтіп жабайы үн.

Бойда жігер, күш-қуатың тасыған,

Қызу қанды жігіт болдың жасыңнан.

Қарсы тұрдың сұм фашистке қан құйлы,

Бейбіт елге соғыс ашқан тосыннан.

Елің үшін, жерің үшін жан пида,

Араласып кеттің соғыс сымпиға.

Төрт жыл бойы зұлымдықпен айқасып,

Қол соқты әлем ерлеріңе жан қиған.

Бойда жігер, күш қуатың тасыған,

Қызу қанды жігіт болдың жасыңнан.

Еңбек етіп, бейбіт күннің төріңде,

Қуаныштан шалқып бойда тасыды ән.

Тойлап жылда ұлы елімнің жеңісін,

Бейбітшілік берді елге жемісін.

Тың жерлерді игердің де дән ектің,

Жайқалды, жел тербейді егісің.

Арманыңды ары асырып ғарышқа,

Еңбек те де жеттің талай табысқа.

Ізің жатыр, сонау Сібір, Бамдар-да,

Ұштың биік, жол сап айға, марсқа.

Ұштың биік жол сап айға, марсқа.

Қандай да бір төтеп күшті алысқа.

Аға ұстазсыз, саясаткер, қайраткер,

Әрқашанда халықпен тіл табысқан.

Әрқашанда халықпен тіл табысқан,

Шәкірттерің озған талай жарыстан.

Үлгі-өнеге алып өсіп өзіңнен,

Ұл, қыздарың жолыңда жүр «Бақ» ұстап.

Ер еңбегің таусылмайтын ертегі,

Жақсылықты үлгі тұтар ел тегі.

Сізден қалған мұра деп біз ұғамыз,

Адамзатта еңбек етіп, тер төгу.

Жеті мүшел жасқа келіп тұрсаң да,

Егеменді елің үшін жыр сомдап.

Ұшырасың, тілеп елге тыныштық,

Тастау үшін жауыздықты құрсаулап.

Бейбітшілік,

Оянады таң күліп,

Көк байрағым желбірей бер мәңгілік.

Туған жердің шөбі берік қашанда,

Егеменді ел ерлігін жаңғыртып.

Махаббатың кешіп талай ақ түнін,

Қыз бен жігіт татқан дәмін тәттінің.

Бейбітшілік бесігіңде тербеліп,

Жоғалтпасын бастарынан бақ күнін.

Уа, Отаным, биік сенің мәртебең,

Тұнған байлық ойпат, қырың, әр төбең.

Халқым сүйген қалаулысын мадақтап,

Ақының боп көмейімнен ән төгем.

Түнде әсем жұлдызымен сырлы-аспан,

Қаз үйректер қиқулап кеп қырды асқан

Көлің аңсар,

Аға өмірің өнеге,

Ұрпағыңа мәңгі мұра жыр-дастан.

Уа, Бейсе аға, талмай өтші шабыстан,

Ал, ұрпағың көрінсің тек табыстан.

Ақылшы боп арамызда жүре бер,

Нұрын төксін жастар құрған бақстан.

Автор:
Жұмабек ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ, ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері