Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жамбылда Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі басталды


4 сентября 2019, 05:38 | 1 757 просмотров



Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы іске қосылды.


Көрме аясында әуелі Қордай ауданы, Әлжан ана ауылының Мәдениет үйінде Елбасы кітапханасының көшпелі экскурсиясы өтті. Салтанатты шараны Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйлеп ашып, жергілікті тұрғындарды «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрме жобасымен таныстырды.

– Елбасы кітапханасының қызметкерлері «Тұңғыш» экскурсиялық концепциясының аясында сіздерге арнап «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасына тақырыптық экскурсиялар дайындады. Сіздерге арнайы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен тәуелсіз Қазақстанның даму тарихынан сыр шертетін деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді. Аудан тұрғындарының назарына Елбасы кітапханасының музей қоры мен Елбасының жеке архивінен жасақталған «Елбасы және жаңарған Жамбыл өлкесі» фотосуреттер көрмесі де ұсынылып отыр, – деді Әмірхан Рахымжанов.Өз сөзінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова бұл бастаманың жергілікті халыққа деген құрмет екенін, сондықтан әрбір азамат Мәңгілік Елдің дамуына үлес қосуды өзіне парыз санау керектігін айта келіп, Елбасы кітапханасының ұжымына алғыс білдірді. Бұдан кейін Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангөзовке Алғыс хат пен «Н.Назарбаев. Өмірбаян», «Назарбаев моделі» кітаптарын табыстап, Мәдениет үйінің кітапханасына құнды басылымдардың жинағын тарту етті.

1

Әлжан ана ауылында «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Қазақстанның спорттық даңқы» тақырыптық экскурсиялары ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Қордай ауданының тұрғындары Елбасы өміріне қатысты сирек кездесетін бейнематериалдардың, фотосуреттер мен архив құжаттарының және жәдігерлердің бірегей кешенін тамашалады. Сонымен қатар, көрмеге келушілер отандық және шетелдік әйгілі спортшылардың Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту еткен сыйлықтары және марапаттарымен танысты. Экскурсияны тамашалаған мектеп мұғалімі Арайлым Қасымова ел тәуелсіздігінің негізін қалаған тұлғаның дара жолы барлық қырынан маңызды оқиғалар мен парасатты шешімдерге толы екенін, сонымен қатар бүгінгі көрме тарихи құнды деректерді көпшілікке ұсынуымен де бағалы екенін жеткізді.

Автор:
https://egemen.kz