Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Нұх пайғамбар Меккеде емес, жер жаннаты – Жетісуда жерленіпті…


29 октября 2010, 19:20 | 1 738 просмотров



Елең етерлік жаңа лық: Бір топ қытайлық ғалымдар Түркиядағы Арарат тауында қалған Нұх пайғамбардың кемесін таптық деп жар салып жатқанда, Қазақстандық атышулы жұлдызшы Балтабай Рахымжанов қасиетті пайғамбардың денесін өз ауласынан тауып алыпты. Сөйтіп, күллі әлемді өзінің жұмбақ кемесімен тәнті етіп отырған қасиетті Нұх пайғамбар Меккеде емес, жер жаннаты Жетісуда жерленген болып шықты…

Белгісіз күштің «қолдауымен» өзін «Билеуші – Пайғамбар – Президент» деп жариялаған Балтабай Рахымжановқа 1994 жылы ғайыптан «ауласында керемет дарыған әулиенің денесі жатыр» деген аян беріледі. Аян бойынша іске кіріскен «Билеуші – Пайғамбар – Президент» өз ауласынан бойы екі метрден астам алып адамның мүрдесін тауып алған. Бірнеше ғасыр бұрын жерленген мәйіттің бас жағына 16 барыстың мүсіні бейнеленген шырағдан қойылыпты. Балтабай мырза шырағданды мұражайға өткізіп, қаңқаны тарих институтына зерттеуге береді. Артынша, Ә.Марғұлан атындағы тарих институты бұл мүрденің сақ-үйсін тайпаларына тән екендігі анықтайды.

Осы оқиғадан кейін тылсым күш Рақымжановқа тыным бермейтін болған. Бір күні оған түсінде аян беріліп, табылған мүрденің сақ-үйсін Күнбиінің көсемі «Қажы баба» деген адам екені айтылыпты. Бір қызығы, көп ұзамай ол бұл ойынан бас тартып «бұл Нұх пайғамбардың жатқан жері» деп жаһанға жар салған. Өзінің айтуынша, бұған дәлелі де бар көрінеді. Оған атақты қос бірдей ғалым Манаш Қозыбаев пен Карл Байпақов 3000 жылдық адамның мүрдесі деп заключение берген. Оның үстіне Нұх пайғамбардың Жетісу жерінде тыныштық тапқанын ақтарып жүріп Құраннан да кезіктірген. «Құранды ашып қарасам, мынадай сөз бар екен. Нұх пайғамбар 950 жыл өмір сүріп, жер жаннаты – Жетісуда жерленген делініпті», – дейді Билеуші– Пайғамбар – Президент. Ал шын мәнінде Рақымжанов Құран кәрімде Нұх пайғамбар 950 жыл бойы Алланың бірлігіне шақырды деген сөз барын, әрі Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) Нұх әлейхсаламның қабірі зәм-зәм суының жанында Меккеде жерленгенін айтып өткенін білмейтін болса керек?!

Кезінде Балтабай Рахымжанов «Қажы баба» қоғам

дық қорын құрып елді біраз шулатқан болатын.

Онымен тынбай өзін 2005 жылы президенттiкке үмiткерлердiң бiрi ретінде ұсынып та көрді. Айналасындағыларға өзін «пайғамбар» деп көрсетіп, осыдан 9999 жыл бұрын өмiр сүрген Қажы бабаның басына ертеректе жұрт қажылыққа барған деп лепіргені бар-тын. Қажылық Мұхаммед Пайғамбарымыздан бұрын болған деумен ғана тынбай «Қажы бабасын» 124 мың пайғамбардың ең ұлығы әрі алғашқысы деген болатын. Енді міне «Қажы бабасын» Нұх пайғамбарға айырбастап алыпты.

Автор:
Елбілген