Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Полиция адам қағып кетті (видео)


4 сентября 2019, 15:33 | 573 просмотра



Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында «Тастақ» базарына жақын маңда болды. Куәгерлердің айтуынша, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан егде жастағы әйел апат салдарынан зардап шекті. Ол әр түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kzхабарлады.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты. «Бұл ЖКО бүгін сағат 9.45-те Алмалы ауданында болды. Жеке басы әлі анықталмаған әйел Төле би даңғылын кесіп өтпекші болған. Ол жол бойында тұрған автобустан айналып шыға бергенде, Hyundai маркалы полиция автокөлігіқаққан. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді», — деді полиция департаментінің өкілдері. Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясының экипажы қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Алматыда қыркүйектің 3-нен 4-не қараған түні полицейлердің қатысуымен тағы бір жол апаты болды. Ешқашан жүргізушілік куәлігі болмаған көлік тізгініндегі адам жол-көлік оқиғасы болуына себепші болды.

«Түнгі 3.10-да 1987 жылғы Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі көлік жүргізуге рұқсат беретін куәлігінсіз Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Мақатаев көшесінің қиылысына жеткен уақытта ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа бір көлікпен соқтығысқан. Біріншісі — Toyota Corolla. Екіншісі — Hyundai. 1995 жылғы Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері болып табылады. Қақтығыс нәтижесінде олар жарақат алды. Аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлерімен өндіріске алынды», — деді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Автор:
https://jasqazaq.kz