Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматыда оқушылар төбелесі: Бір жасөспірім ауруханада жатыр


5 сентября 2019, 11:12 | 681 просмотр



АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық 13 жасар мектеп оқушылары төбелесіп, оның біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Жасөсіпірімдер арасындағы жанжал 3 қыркүйек күні кешкі сағат 19:00-де болған. Медеу ауданында орналасқан №100 мектептің оқушылары сабақтан кейін өзара күш сынаспақ болған.


«БАҚ өкілдері таяқ жеген баланың ата-анасының сөзі бойынша ақпарат таратып жатыр. Біріншіден, оқушылар сабақ біткеннен кейін төбелескен. Біреуінің аты жөні Александр Водников. Осы мектептің бұрынғы оқушысы. Осыдан бір жыл бұрын спорт мектебіне ауысып кеткен. Алайда, биыл өзінің сыныбына қайтып келді. Екінші оқушы - Рустам Бухаров. Сыныптастар сабақтан кейін өзара күш сынаспақ болыпты. Қастарында тағы екі сыныптасы болды. Солардың айтуынша, Рустам Александрды итеріп жіберген. Жерге құлаған Александр орынынан атып тұрып, Рустамның жағынан ұрып жіберген. Ол жерде Рустамға ешкім жабылған жоқ. Содан кейін, бәрі үйлеріне қайтқан. Александр Водников «жетім» бала, ол қамқоршысының қолында тәрбиеленіп жатыр»,- дейді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова.


Ағайша Сапарованың айтуынша, Рустам Бухаровты ата-анасы №5 қалалық клиникалық ауруханаға (жақ және бет ЛОР-хирургиясы) апарған. Қолымызда жарақаты ауыр емес деген анықтама бар.


Сондай-ақ, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті зардап шеккен оқушының жағдайы туралы айтты.



Автор:
https://www.inform.kz