Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аралас сабақ


6 сентября 2019, 08:05 | 1 284 просмотра


  Жабайы жануарлар етінен  әзірленген тағамдар 

Сабақтың  типі: Аралас сабақ

Мақсаты  мен   міндеттері:

 1.Білімділік: Жабайы жануарлар етінен  әзірленген тағамдар туралы ақпарат бере отырып, студенттердің білімдерін арттыру.

2.Дамытушылық: Студенттердің   шығармашылық қабілеттерін, сыни тұрғыдан, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 

3.Тәрбиелік: Студенттерді бауырмалдыққа,  тазалыққа, ұқыптылыққа,  кішіпейілділікке, өз мамандығын сүюге,  еңбек қауіпсіздігіне, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Күтілетін   нәтиже: а) теориялық  оқыту кезінде  студенттердің тәжірибелік  дайындығы  қалыптасады;

      ә) негізгі кәсіби біліктілік пен дағдылары  қалыптасады;

      б) зерттеу  жұмысы  негізінде студенттердің білімі кеңейіп, тереңдеп  жүйеленеді;

в) сауат  және  есеп  біліктілігін арттыру  кезеңдерінің  реттілігін  біледі

г) сыни тұрғыдан ойлауға машықтанады;

ж) алған білімдерін  өмірде қолдана  біледі

Сабақтың  нәтижесінің  бағалау   және   бақылау   формасы: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.

Студенттерді сабақ үдерісіне түгел қатыстыру. Әр студенттің  тапсырманы  орындауын  қадағалау, сұраққа жауап берген және  тапсырманы жақсы орындаған студентті атап өту

Білім   алушының   білімі  мен  біліктілігі:

- Жабайы жануарлар етінен әзірленген тағамдардың түрлерін біледі;

- Жабайы жануарлар етінен  әзірленген тағамдардың қоректік  бағалылығы мен дәмдік сапасы жайлы біледі;

- Жабайы жануарлар етінен  тағамдар әзірлеу үшін қандай ыдыс қолданатынын біледі.

 

Оқу  әректінің  рефекциясы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды үйрету;

Жаңа сабаққа қызығушылықтарын ояту;

Жұпта  жұмыс  жасату  арқылы  студенттерге   ең негізгі  ақпараттарды  іріктету.

Студенттер бірін-бірі тексереді.

Сабақты қорыту сәтінде: «Блум таксономиясын» пайдаланып бүгінгі сабақтан алған      

білімдерін жинақтау

 

Сабақта ұсынылатын  оқу   материалдар: Деңгейлік тапсырмалар,  суреттер, буклет тер, сызбалар, кестелер 

Әдебиеттер  тізімі: 1.Негізгі  әдебиеттер: Бесімбаева  Г., Бесімбаев  Е. «Аспаздық» оқулығы

Сабақ   барысы

1.Ұйымдастыру  кезеңі (2мин)

1)Оқытушының студенттермен  амандасуы,  кабинеттің  тазалығын, студенттердің сабаққа қатысуын,  құрал-жабдықтарын тексеру. 

2) Ынтымақтастық ахуал орнатып, топқа бөлу. Қағазға   жазылған   сөздерді   таңдатып екі   топқа бөлу.

2.1 Топ ережесімен таныстыру, өзін де өзгені де сыйлау, уақытты тиімді пайдалану, өз ойын нақты, тұжырымды айту, бір-бірін әділ бағалау, белсенділік таныту.

2.2 Топқа бөлінген соң студенттер бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау (13мин)

Үй тапсырмасын студенттерден СТОД технологиясындағы «Қызығушылығын тану» стратегиясы боойынша «Кім жылдам?»  ойыны деңгейлік тапсырмалар арқылы үй тапсырмасын тексеремін, дұрыс әрі жылдам жауап берген студенттерге күлдіргілер таратамын.

1.Сорпалықтардан әзірленген тағамдардың сапасы қандай болады?

  1. Сорпалықтарда қанша белок болады?
  2. Сорпалықтарды әзірлеу барысында қандай санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек?
  3. Піскен тілді қалай әзірлейді?
  4. Піскен тілді ұсынарға дейін неде сақтайды?
  5. Орысша бүйректі неше сағат пісіреді?
  6. Орысша бүйректі ұсыну ережесін айтыңыз
  7. Піскен ми мен қуырылған мидың ерекшеліктері қандай?

3.Жаңа  сабақ (15мин)

«Инсерт» әдісі арқылы жаңа сабақ туралы ойларын талқылау.

 

«+» - білемін

«-» - білмеймін

«?» - мені қызықтырады

 

Жабайы жануарлар етінен  әзірленген тағамдар. Жабайы жануарлардың етінің түсі жабық, соғымдық жануарлардың етіне қарағанда консистенциясы қатты, спецификалық дәмі және иісімен ерекшеленеді. Пайдалану алдында оны маринадтайды және шпиктейді. Жабайы жануарлардың етін көбіне қуырады немесе бұқтырады.

Аюдың қуырылған еті. Сан етінің ет жұмсағын қабат-қабатымен 2-3 бөлікке бөледі, маринадта ұстайды. Ет жұмсағының кесектерін бір қатарға орналастырады, ішіне пасерленген сәбіз, ақжелкен, балдыркөк, түйіңді пияз қосады, бетінен жартылай еттің өзі ұсталған маринад қосылған бульон құяды және қақпағы жабық ыдыста жай отта 5..6 сағат бұқтырады. Дайын етке өз қайнатпасында сууға уақыт береді. Содан соң етті шығарып алады, порциялық бөліктерге бөліп кеседі, ұнға аунатады, льзонға жібітеді және кептірілген нан ұнтағына аунатады. Ұсынар алдында маймен қыздырылған табаға салады және екі жағынан да қызарған қабықша пайда болғанға дейін қуырады.

Ұсыну кезінде порцияфлық табақшаға немесе тәрелкеге етті салады, оның бетінен ерітілген май құяды, бөлек салат ыдысында маринадталған көкністер мен жеміс-жидектерді, қызылша немесе қырыққабаттан жасалған салат ұсынады, бөлек тұздықтың ыдысында қышқылтым-тәтті немесе пиязды тұздықты ұсынады.

Қуырылған бұғы немесе бұлан еті. Қалың және жұқа жиектерін, үстіңгі кесектерді маринадтайды, балғын шошқа майымен және сарымсақпен шпиктейді, тұздайды және бұрыштайды, маймен жақсылап қыздырылған қаңылтыр табаға салады, барлық жақтарынан қызарған қабықша пайда болғанға дейін қуырып алады. Содан соң қуыру шкафына салады және белігі бір уақыт аралығында ет шырының және майды бетінен құйып тұрып, даярлығына дейін жеткізеді. Дайын етті талшықтарына көледенең 1 порцияға 1-2 кесектен кеседі, бетінен ет шырынын құяды, қуыру шкафында жылытады. Ұсыну кезінде порциялық табақшаға немесе тәрелкеге гарнир салады: қуырылған картоп, пісірілген үрмебұршақ, маринадталған жеміс –жидектер немесе қызыл қауқанды қырыққабаттан жасалған салат, ылғалдандырылған қызылжидек салады, қасына етті орналастырады, үстінен ет шырынын құяды, бөлек ыдыста қышқылтым – тәтті тұздық, қызылжидек немесе қара қарақат тосабын ұсынады. Бұқтырылған антрекот. Қалың және жұқа қабаттарды, ішкі және үстіңгі кесектерді тазартады және 10...30 сағат маринадтайды. Содан соң порциялық кесектерге бөліп турайды, бетінен тұз бен бұрыш себеді, жақсылап маймен қызыдырылған табаға салады және қуырып алады. Терең ыдысқа балғын шпик майының тілімдерін, мариндатың майдалап туралған тамырсабақтыларын, қуырылған ет кесектерін салады, ішіне ет шырынын құяды және даярлығына дейін бұқтырады. Бұқтыру кезінде қалампыр, саңырауқұлақтар, лимно шырынын құяды, шарап құюға да болады. Ұсыну кезінде порциялық табаға немесе тәрелкеге қуырылған картоп салады, қасына антрекотты салады, бетінен өзі бұқтырылған шырынын құяды, бөлек маринадталған жеміс-жидектер, көкністер, қырыққабат және қызылшадан жасалған салат ұсынады. Қаймақта бұқтырылған қоян. Қоян тұлыптарының артқы аяқтары мен арқаларын бөліп алады, 3.5 сағат мұздай суға жібітеді, содан соң маринадтайды, балғын шошқаның құйрық майымен шпиктейді, тұз және бұрышпен ысқылайды, маймен қыздырылған қаңылтыр табаға салады және бетінен қаймақ жағады және қуыру шкафында жартылай дайындығына дейін жеткізеді. Содан соң порциялық кесектерге бөліп кеседі, тереі ыдысқа салып орналатырады, бетінен аздап булльон құяды, қаймақ, ет шырынын қосады және дайын болғанға де йін  бұқтырады.  Содан  бульонды  құйып  алады,  оған  езілген пассеровканы енгізеді және қайнатып, сүзгіден өткізеді. Еттің бетіне пайда болған тұздықты құяды және қайнауға дейін жеткізеді. Ұсыну кезінде порцяилық табақшаға немесе тәрелкеге гарнир салады: қуырылған картоп, пісірілген үрмебұршақ немесе бұқтырылған қызылша, қасына – бұқтырылған қоян салып, бетінен тұздық құяды, бетінен көк дәмдеуіш шөптерді себелейді.

Жаңа   сабақты  бекіту (12мин)

«Көңілді сағат» ойыны  арқылы студенттер бір-біріне сұрақтар қояды.

  1. Жабайы жануарлар етінен қандай тағамдар әзірленеді?
  2. Жабайы жануарлар етін қалай әзірлейді?
  3. Аюдың етін неше уақыт бұқтырады?
  4. Қуырылған бұғы етін қалай әзірлейді?
  5. Қаймақта қуырылған қоян етін қалай ұсынады?
  6. Ұсынар кезде қандай дәмдеуіштер себіледі?
  7. Жабайы жануарлар еті мен үй жануарларындағы еттердің айырмашылықтары қандай?

Бағалау (2мин)

Студенттердің   сабаққа   қатысуына   байланысты  білімдерін   бағалау

       
   
     

 

Автор:
Жаркент көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы. Панфилов ауданы. Жаркент көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы. П