Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ақтөбелік оқушы әлем рекордын жаңартты


9 сентября 2019, 09:08 | 1 379 просмотров



АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «G-Strong Power Fest» фестивалі өтті. Алып күш иелері бақ сынаған фестиваль кезінде 9 жастағы Муса Туркумбаев кеудені жерден көтеріп ұстап тұрудан әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Муса Туркумбаев 7 жасынан бастап ел назарында жүр. Ол турникке тартылудан, кеудені жерден көтеруден алдына жан салмайды. 


Өткен жылы Қазақстан рекордын жаңартты.

«2016 жылы Астана қаласында 9 жастағы Амир Махмет кеудені жерден көтеріп тұрудан әлем рекордын жаңартқан болатын. Ол 1 сағат 2 секунд шыдады. Бұл жолы Ақтөбеде өткен фестиваль кезінде Муса Туркумбаевның көрсеткіші 1 сағат 13 минут 2 секунд болып тіркелді. Кішкентай Муса жыл сайын осы фестивальге қатысып, рекорд жаңартуды әдетке айналдырған. Біз үнемі оны қолдап, аяқ алысын бақылап отырамыз. Қазір дзюдомен айналысып жүр. Спортшы Ақтөбенің мақтанышы, дәулеті», - деді қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров. 



Автор:
https://www.inform.kz