Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Денсаулық


10 сентября 2019, 09:37 | 452 просмотра



Білім беру саласы: Денсаулық

Тақырыбы: Жылдамырақ, жоғарырақ, Күштірек

Мақсаты: Балалардың, көтеріңкі көңіл күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап, күш-қуатын нығайту, шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу.  Денешынықтыру сабақтарына қызуғышылығын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген түрлі түсті жалаушалар, эстафеталық заттар, екі топ жетістігін көрсететін сандар, түрлі түсті шарлар, заттар, кедергілер.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, Ұстаздар, балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтын денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған жылдам, жоғары, күшті атты көңілді эстафеталық сайсқа қош келдініздер!!!

Бүгінгі Әділқазылар алқасымен танысып өтейік:

  • Балабақша меңгерушісі: Гульбану Орысбековна
  • Балабақша Әдіскеріміз: Ақмарал Д.Н

Спорттық сайсымыз 3,4,5 балдарымен жүйеленіп бағаланады

Сайыстың бағдармасы 4 кезеңнен тұрады

  • Эстафеталық
  • Кім Күшті
  • Кім шапшаң
  • Пингвин

Ал қанекей балалар қонақтармен амандасып алайық

Ал қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме Қонақтар

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар әлемді құрметтеп бас иеміз біз

 

 

Шаттық шеңбері, шеңберге тұрамыз

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

 

Өте жақсы жарайсыңдар балалар

Енді жарысымызды бастамас бұрын біздің бүлдіршіндеріміздің қонақтарға арнайы жаттап келген тақпақтарынан бастасақ

Айша – Жаз келді алақай

               Ойнаймыз далаға

              Қамалып отырмай

              Жүріңдер балалар

Алихан–Ойын маған ұнайды

                  Көп ойнауға болмайды

                 Күні бойы доп қусақ

                 Ақыл-білім қонбайды

Зере -         Ойыншықтар көп екен

                   Бірге ойнайық,балақай

                   Көгорай шалғын көк екен

                    Жарысайық алақай

Жәния – Әлди, Әлди бөпешім

                 Жат бесікке көкешім

                  Неге жылай бересін

                   Ертең-ақ жүріп кетесін

 

Айсултан – Нан жесеңдер балалар

                     Үлкен болып өсесің

                   Сүт ішсендер балалар

                     Тезірек ер жетесің

Сезім – Гүлім, гүлім өсе  бер

               Әдемі боп, асыл боп

Күндей жайнап кете бер

                  Қызыл сары, жасыл боп

Ал балалар серігіп алайық, шеңберге тұрып

Шарсасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Саусақтармен ойнандар

Қолдарынды сермеңдер

Денелерін шынықсын

Саналарын тынықсын

 

Дене қыздыру жаттығулары «Қара жорға» биімен топпен бірге жасалады

Құрметті сайыскерлер Эстафеталық жарысымызды бастаймыз

Сіздерге сәт-сапар!!!

Сайысқа екі топ қатысады

Әр команда өз ұраңдарымен таныстырып өтеді

Бірінші «Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраны : Жеңсек тасымаймыз,

Жеңілсек тасымаймыз

                           Бірлігіміз жарасқан

                          Тұлпар тобынан жалыңды Сәлем!!!

Екінші «Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз

Топтың ұраңы:

Көк аспанда қалықтап

Сұңқар тобы тек алға

Шарықтай бер, шарықта

Сұңқар тобынан, Жалыңды сәлем!!!

 

Бүгінгі сайыс 4 бөлімнен тұрады

1-ші кезең «Эстафета»

Ойыншарты: Қаппен секіру, балалар қаптың ішімен жүруп өтіп, мәредегі қапты алып келіп, анасына береді, Анасы қаппен секіріп барып, секіріп келіп, келесі ойыншыға береді

Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші береді, сол топ  жеңімпаз болады

2-ші кезең «Кім күшті»

Ойыншарты:Екі топқа үрленіп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс, қалдығын жинап себетке салу керек, қай топ көп шар қалдығын жинаса, сол топ жеңімпаз болады

3-ші кезен «Кім шапшаң»

Ойыншарты:Анасының басына шелек кигізіп қойып, бала анасынын арқасына отырады. Кедергілердің арасынан, құлатпай ,қай топ мәреге бірінші жетсе, сол топ жеңіске жетеді

 

4-ші кезең «Пингвин»

Ойыншарты:Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай, пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе, сол топ жеңімпаз

Қорытыңды бөлім

Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері!, бүгінгі Эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз!

Алдағы күңдері үлкен биіктерден көріне беріндер!, Бүгінгі жеңістерін құтты болсын!

Жеңімпаздарды марапаттауға Әділқазы алқасына соз кезегін берейік

Автор:
Толегенова Сарқыт Тұрсынова