13 сентября 2019, 04:39 | 1 448 просмотров
Мақсаты: Білімділік: Балалардың құстар жайлы ,олардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Құстардың атын атап, қыстап қалатын құстар мен жыл
құстарын ажырата білуге үйрету. Жолақ қағаздармен, тістепілермен жұмыстана білу икемділіктерін арттыру. Балалардың қағазбен жұмыстануға деген қызығушылықтарын артырып , эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Құстарды қорғауға , жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: Құстардың суреті, жем шашардың, күннің , ағаштың суреті
Сабақ барысы:Ұйымдастыру:
Кіріспе: Психологиялық жаттығу.
- Бүркітке не жарасады? (Самғаған.) қолдарын жазып көрсетеді.
- Шегірткеге не жарасады? (секірген ) секіреді.
- Ақ тауыққа не жарасады? (шоқыған ) алақаныны шоқып көрсетеді.
- Ақылдыға не жарасады? (оқыған ) кітап оқып отырғанын көрсетеді.
Жаңа сабақ: Дидактикалық ойыны . Балаға «сиқырлы қалтадан» қара түсті қағаз алып тақтаға жапсыру сұралады. Қағаз ортысына сиқырлы қалтадан ақ түсті қағаз жапсырады. Құс трафаретін алып қағаздардың үстіне жапсырғанда сауысқан суреті шығады.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз құстар тақырыбында болмақ «Құстардің күзгі тіршілігі» сабақ тақырыбы ілінеді.
Сабақ мақсатын баяндау : Бүгінгі сабағымызда біздер құстар және олардың тіршілігі туралы танысып, оларды қыстап қалатын және жыл құстарына ажырата білуге үйренеміз. - Балалар, қандай құстарды білесіздер? Оларды атап өтейікші. Олардың адамдарға қандай пайдасы бар.
Оқулықпен жұмыс.
1. Ағашта түрлі құстар қонған./ ағаш суреті ілінеді /
- Балалар, бұл құстарды танисыңдар ма? Оларды атайықшы. /Қарлығаш, ләйлек, аққу, көкек ,қараторғай/.Неше құс отыр ағашта?
Жыл құстары жайлы не айтааламыз?
-Жыл құстары олар жылы жаққа ұшып кететіндер.
- Қыстап қалатын құстар жайлы не айтуға болады?
- Олар қысы –жазы өз мекенінде тіршілік етеді.
Құстар қыста немен қоректенеді деп ойлайсың?
/Ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорекетеді./
- Ал адамдар оларға қандай көмек көрсетеді?
Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді.
3. Сергіту сәті:
Құстар болып ұшамыз. / Қанат жайып ұшу/.
Құстарға жем шашамыз / Саусақтармен жем себелеу/.
Құстарға ұқсап жем жейміз / Бастарын жоғары –төмен көтеру /.
Құстарға ұқсап су ішеміз /. Басты шалқайта көтеру/.
Құстар болып ұшамыз /. Қолды жайып ұшу/.
- Бізге тапсырмалар әкелген. Соларды орындап көрейік.
-тапсырма. Компьютерден құс пазлын құрастыру пайда болған құс туралы әңгімелеу. /тоқылдақ/.
-тапсырма .Бейнелі суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп айту.
- тапсырма «Болады-болмайды» сергіту жаттығуы.
Мұғалім шартын түсіндіреді. Шарты: Құстарды баптауға қатысты іс-әрекеттер айтылады. Дұрыс , әрі тура мағынадағы сөйлем айтылса, қол шапалақтайды, бұрыс сөйлем айтылғанда келіспесе, аяғын топылдатады.
Дайын тұрған жолақ қағаздардан тістепілер арқылы қарлығаш мүсінін дайындау.
3.Тамағына, кеудесіне ақ қағаз жапсыру.
4.Тұмсығын, көзін бекіту.
5.Қанатын бекіту.
- Балалар, айтыңдаршы? Сендерге көктем мезгілі ұнай ма? Ендеше көктемнің белгісіндей болған бұл ағашқа қарлығашымызды қондырайық.
Қорытынды .Сабақты бекіту:
- Бүгінгі сабақ бойынша сұрақ-жауап.
- Біз қандай құстармен таныстық?
- Құстар қандай екі топқа бөлінеді.
- Құстардың адамдарға пайдасы туралы әңгімеле.
Құстар жайлы тақпақ айтқызу.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Біздің жақта қыстайтын.
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа
Құс суретін бояуға беру Мадақтау.
Нәйла БИКЕЕВА,
Қастеев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Панфилов ауданы.