Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Репродуктивті денсаулықты қорғау"


13 сентября 2019, 08:37 | 1 377 просмотров



Бектолат ауылдық округында орналасқан "Қайнар" орта мектебінде 14-16 жас аралығындағы қыз балалармен "Репродуктивті денсаулықты  қорғау" тақырыбында денсаулық  сабағы өтті.Сабақ барысында жеткіншек қыздарға екіншілік жыныстық жетілу укезіндегі физиологиялық және психологиялық өзгерістер,қыз баланың жеке бас гигиенасы, мінез-құлықтың қауіп қатер  факторларының алдын алу,ерте жүктіліктің алдын алу және оның зияны мен салдары туралы  айтылды.Тақырыпқа  сәйкес бейне роликтер көрсетіліп,ақпаратық  түсіндіру құралдары  тарқатылды.Бұл шараны өткізу елеулі үлес қосқан Бектолат амбулаториясының психологы Ешмуратова Динараға мектеп ұстаздар  алғыс білдірді.
Ақпаратты әзірлеген Қарасай аудандық орталық  аурухана дәрігері Таждинова Дана

Автор:
Ақпаратты әзірлеген Қарасай аудандық орталық аурухана дәрігері Таждинова Дана