Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматыда 18 оқушыдан туберкулез анықталды


16 сентября 2019, 15:32 | 557 просмотров



Алматы мектептерінде 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. 

«Біз 100 аспаптық-зертханалық зерттеу жүргіздік. Жоспардан тыс тағы 75 тексеру болды, 105 айыппұл салынды, 100-ден астам хаттама толтырылды. Медициналық тексеруден уақытылы өтпеген 75 қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді», — деді Алматы қалалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.  2019 жылдың сегіз айында Алматы мектептерінде 7 мұғалімнен туберкулез анықталды. Өткен жылы осындай 4 жағдай тіркелген болатын. Оқушылар арасында 18 жағдай анықталды, ал былтыр 24 оқушы туберкулезге шалдыққан еді.

Автор:
ҚазАқпарат