Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Павлодар мектептерінде интернет жылдамдығын арттыруға 180 млн теңге бөлінді


17 сентября 2019, 09:50 | 1 406 просмотров



ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мектептерінде интернет жылдамдығын арттыру үшін 180 млн теңге бөлінді. 1 қыркүйекке дейін бұл соманың 84,5 млн теңгесі игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


«Өңірдегі барлық білім беру нысандары 100% компьютерлік техникамен және ақпараттық жүйелермен жабдықталған. Секундына 4 Мбит жылдамдықтағы кең жолақты Интернетпен және Wi-Fi-ға қосылу нүктелерімен қамтамасыз етілген. Соңғы үш жылда облыстың 52 мектебінде қазіргі заманғы Teacher Office мұғалімдер кабинеттері және еуропалық стандарттар бойынша бағдарламалау дағдыларына үйрету бойынша балаларға арналған 29 тегін IT-сыныптар ашылды, оның ішінде 18 - і ауылдық мектептерде. Жергілікті бюджет және демеушілік қаражат есебінен мұндай ІТ-сыныптар басқа мектептерде пайда болады», - деді облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, облыстың 96 білім беру мекемесіне жылу режімін бақылау және талдау жобасы енгізілген. Оның құны бір нысанға 236 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, өңірде балаларды кезекке қою, балабақшаларға жолдама беру және мектепке электронды түрде жазылу бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру толық ауқымды жүргізілуде. Өңірде электрондық түрде жазылу мүмкіндігі мектептердің 87,5%, балабақшалардың 90% енгізілген. Балабақшаларда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін жергілікті бюджеттен 41,1 млн теңге, мектептерде 28,9 млн теңге бөлінді.



Автор:
https://www.inform.kz