Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жастық шақтағы бір қателік болашақты мәңгілікке өзгерте алады


17 сентября 2019, 10:27 | 1 523 просмотра



 

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары .үшін АИТВ-жұқпасының алдын алу мақсатында дәріс-семинар өткізілді.

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері студенттерге АИТВ-жұқпасының берілу жолдары мен қорғану тәсілдері туралы айтып берді, сондай-ақ жастарды аймақтағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

–Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.  Биылғы жылы жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар жоспарланған, соның ішінде АИТВ-ның алдын алу шараларын түсіндіру – біздің міндетіміз. Неліктен эпидемия жастарға әсер етеді? – деп бастады дәрісін дәрігер-эпидемиолог Рая Ақашева. – Мұнда көптеген факторлар жұмыс істейді: ақпараттың жетіспеушілігінен, білім алудан тәуекелге дейін, қызығушылық пен эксперименттерге  жиі бару жұқпаны жұқтыру мүмкіндігіне жол ашады.  Есірткі қолданатын немесе кемінде бір рет қолданған жастар бар, бұл оларға АИТВ-жұқтыру қаупін төндіреді, бірақ біздің облыста көбі індетті жыныстық жолмен жұқтырады. Жасыратыны жоқ, жастарымыздың көпшілігі жасөспірім шағында жыныстық қатынасқа түсе бастайды, алайда жастардың басым бөлігі АИТВ-ның қалай жұғатынын және одан қалай қорғану керектігін білмейді. Сондықтан дәрігерлер ескертеді: «Есіңізде болсын, жастық шақтағы  бір қателік болашақты мәңгілікке өзгерте алады!».

Жастар ЖИТС-пен күресуде маңызды рөл атқарады. Жастарға қажетті қолдау көрсетіп, оларға өздерін вирусқа қарсы қорғау мүмкіндігін беру керекз. Оларды адал және ашық ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы біз қоғамдағы бұл мәселені жібітіп қоюға тырысамыз. Өкінішке орай, біздің қоғамда: жасөспірімдердің жыныстық өмірі, ерте жыныстық білім беру қажеттілігі, ерлермен жыныстық қатынаста болған ерлер... көп айтылмайтын, шешілмеген сұрақ мол.  Иә, жастар әртүрлі. Барлық жастарды АИТВ-жұқпасынан қорғауға болатын бірыңғай стратегия жоқ. Бүгінгі күні  қауіп тек есірткіні қолданудан ғана емес, «қауіпсіз» деп санайтын алкоголь сияқты басқа да тәуелді заттарды пайдалану да қауіптің көзі болып табылады. Адамдар алкогольдің әсеріне ұшыраған жағдайда қорғалмаған жыныстық қатынасқа түседі. Егер сен мүшеқапсыз кездейсоқ жыныстық қатынаста болған болсаң, есірткі қолдансаң  – онда сен қауіпті топтасың! – деген Рая Байшалқызының сөзі жас ұрпаққа әсерлі ой салды.

Ашық әңгіме арасында ұлдар мен қыздар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды. Қызықты ақпарат, медиктермен пікірталастар экспресс-тестілеуге деген уәждемені күшейтті.

Автор:
Д.Серікболатов, Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы