Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚШ пен Белоруссия дипломатиялық қатынастарын қайта жаңғыртты


18 сентября 2019, 05:21 | 1 421 просмотр



АҚШ пен Беларусь өздерінің дипломатиялық қатынастарын қайтадан жаңғыртпақ. Енді Минск пен Вашингтонда қос мемлекеттің елшіліктері ашылып, елшілер жіберіледі. Бұл туралы 17 қыркүйекте Минскте АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хейлдің Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесуінен кейін айқын болды деп хабарлайды БелТА.


Дэвид Хейл Вашингтонның аймақтағы қауіпсіздікке төнген қатерді ескеріп, Белоруссияның егемендігі мен тәуелсіздігін қолдайтынын айтты. 2019 жылдың қаңтарында Белоруссия Минскіде америкалық дипломаттардың санына шектеулердің алынып тасталғанын хабарлады. Қос мемлекет арасындағы салқындық 2008 жылдың наурызында байқалған еді. Сонда Белоруссия билігінің қысымымен АҚШ-тың Минскідегі елшілігінің дипломатиялық штаты 35 адамға дейін қықарды. Сол сәтте екі мемлекеттің өкілдіктеріне елшілер емес, уақыта тексерілген елшілер жіберілді. АҚШ Белоруссияда адам құқықтары тапталды деп санкция салған еді. Ал Беларусь бұған жауап ретінде осындай әрекет жасады. Бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа көп шектеу тудырды.


Автор:
https://aikyn.kz