Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дизайн тек сұлулық туралы ұғым емес


19 сентября 2019, 05:14 | 1 563 просмотра



   «Отбасыныңшығармашылықкүні» жобасыаясындаТалдықорғанқаласындағы Назарбаев Зияткерлікмектебінде профессор, сәнжәнетоқыма дизайн кафедрасыныңдокторы Сердар ЕгеменНадасбашпенкездесуөтті.

   «Таяууақыттаадамдаркиімдерінпринтер арқылы үйдебасыпшығараалады»,- дейдітүрікдизайнері Сердар.

Сердар ЕгеменНадасбашТүркияныңАтилимуниверситетіндесәнжәнетоқыма дизайны бөлімініңғылымиқызметкеріболыпжұмысістейді, соныменқатартоқымажәнетігінөнеркәсібініңмаманы болып танылады. ҚазақстанғаТалдықорғанқаласының кәсіпкерлерініңшақыруыменкеліп, НЗМ оқушыларымен де кездесіпүлгерді.

Тағылымдыіс-шара«галстуксізкездесу» форматындаөтті. Дизайнер оқушыларғакиім технологиясы,«дизайн» термині, 3D принтердің рөлі және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін киімдерді шығару туралы айтты.

«Адамға әрқашан киім керек. Бүгін біз киетін киімнің сапасы туралы ойлануымыз керек. Көптеген заттар синтетикалық талшықтардан жасалынған - бұл киім тігілетін материалдың 60% құрайтын пластикалық формалар. Ия, синтетикалық талшықтар арзан, бірақ әлемге үлкен зиян келтіреді », - дейді Сердар.

Әңгіме барысында зияткерлер түрік дизайнердің жоспарларына қызығушылық танытты. Қазіргі уақытта ол өзінің жеке киім жиынтығымен айналысады, университетте сабақ береді және жеңіл өнеркәсіп саласындағы зерттеулермен айналысады.

  «Кездесу маған көптеген пайдалы ақпарат берді. Мақта талшығының әр килограмына әдетте бес тонна су жұмсалатындығын білгенде, мен қатты таңқалдым. Мақта плантациясы суын тұтыну тоқыма өнеркәсібіндегі тағы бір проблема болып табылады. Мұны тез арада шешу керек», - деп 12А сынып оқушысы Санжар Молдахметов өз әсерлерімен бөлісті.

Автор:
Nis Taldykorgan