Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Инвестициялар, АӨК және туризм — 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы дамуының негізгі көрсеткіштер


23 сентября 2019, 11:14 | 1 049 просмотров



Қуатты өңірлер — қуатты ел. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауының тарауларының бірі осылай аталады. Ел Президенті Үкіметке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шаралар кешенін мерзімінде іске асыруды тапсырды. Атап айтқанда, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, тұрғындардың табысын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Алматы облысының қалай дамып жатқаны жайлы PrimeMinister.kz материалынан оқыңыздар. 

 

 

Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы — 223,9 мың шаршы шақырым, 777 елді мекен орналасқан. Облыс халқының саны — 2 037 393 (2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша). Облыс орталығы — Талдықорған қаласы.  
2019 жылдың 8 айында өңір өнеркәсібінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 19,3 млрд теңгеге артты  
2019 жылдың 8 айында өңірдегі өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 590,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артты. Тау-кен өнеркәсібінде көмір мен лингит өндіру көлемі 70,6%-ға ұлғайды. Өңдеу өнеркәсібінде 510,8 млрд теңгеге өнім шығарылды, бұл 2018 жылғы көлемнен 20,6 млрд теңгеге артық (490,2 млрд теңге). Ел бойынша алғанда, жалпы көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі аса жоғары – 86,5%.

 

 

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, ай сайын облыстағы өнеркәсіптің жалпы көлемінен 46,4%-ын қамтамасыз ететін 22 ірі жүйе құраушы кәсіпорын қызметіне мониторинг жүргізіледі. Кәсіпорындардың негізгі бөлігі 80% және одан көп жүктемемен жұмыс істейді. 

 

2019 жылғы 8 айда облыста 27 жаңа өндіріс іске қосылды, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді, соның есебінен 734 жұмыс орны құрылды. 

 

Салалар бөлінісінде келесі салаларда өсім байқалып отыр: нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісі 4,4%-ға, сусындар өндірісі — 15,3%-ға, жеңіл өнеркәсіп — 24%-ға, фармацевтика — 12,8%-ға, резина бұйымдар — 28,1%-ға, құрылыста пайдалану мақсатында гипстен жасалған өнімдер өндірісі — 20,9%-ға, машинажасауда — 35,4%-ға.

Алматы облысында экспорттық жеткізулерді 30-ға жуық тауар өндірушілер жүзеге асырады. Экспорт бойынша негізгі сауда серіктестері — Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркмения, Қытай. 

Биыл шикізаттық емес экспорт көлемі 4,2% өсіммен $340 млн деңгейінде күтіліп отыр. 2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында өңдеу өнеркәсібінің экспорт көлемі $97,8 млн немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге 150,9% құрады.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықта экспорт көлемі 1522 тоннаны немесе 1742 млн теңгені құрады.

Мәселен, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС биыл 8 айда 6914,2 млн теңгеге немесе 10534 тонна макарон өнімдері мен сорпалар шығарған. Кәсіпорын өнімдерін Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Түркіменстан мен Ауғанстанға жеткізеді. Бірінші жартыжылдықта экспорт көлемі 2048,9 млн теңгені құрады. Кәсіпорын жыл соңына дейін 27-ден аса жаңа өнім түрлерін шығарып, экспорт көлемін 70%-ға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. 

«Адал» АӨК» АҚ директоры Серік Смайылов атап өткендей, зауытта 63 түрлі сүт өнімдері шығарылады. Өнімдер көршілес елдерге белсене экспортталады. 

«Қыркүйекте 100 тонна сүт Өзбекстанға, 100 тонна май Ресейге жіберілді. Сондай-ақ біз астық, жүгері өсіреміз. Биыл 10 мыңнан астам тонна астық пен жүгері аламыз, олар да экспортқа жіберіледі. Бүгінде біздің өнімдерімізге Иран мен Ауғанстан қызығушылық танытып отыр», — деді зауыт директоры.

 

Сонымен қоса, ИИДМБ және Индустрияландыру картасы аясында 2019 жылы 1214 мың жұмыс орнын құрумен 61,9 млрд теңге сомасына 11 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде құрғақ тәсілмен цемент өндіретін «Alacem» ЖШС ұйымы, майлы өнімдер мен құрамажем шығаратын «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС өндірістік кешен құрылысы, «Meat Processing and Service» ЖШС ет өңдеу кешенінің құрылысы.

 

 

Өңірдегі инфрақұрылымның стратегиялық нысандары қалай дамуда? 

Серпінді жобалардың мысалдарының бірі — «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жобасы, ол Жаңа жібек жолы экономикалық белдеуінің қалыптасуына барынша ықпал етуге мүмкіндік береді және Қытай, Еуразиялық Одақ, Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері арасындағы тауар ағымдарының қиылысында өңірлік көлік-логистикалық хабқа айналуы тиіс. 
 

 

«Қорғас – Шығыс қақпасы» (4591,5 га) Құрғақ портты (129,8 га), Логистикалық аймақты (224,9 га), Индустриялық аймақты (224,4 га) қамтиды. Қазір АЭА аумағында қажетті инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілген, атап айтқанда, энергетикалық шаруашылық нысандары, су жинау құрылғылары кешені, кірме, теміржолдар, байланыс желілері, әкімшілік ғимараттар т.б.

 

 

Мәселен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Құрғақ порттағы контейнер айналысы 136 000 ЖФЭ құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 47%-ға артық (92 651 ЖФЭ). 2020 жылға қарай контейнер айналымы 500 000 ЖФЭ болады деп күтілуде. 

Қазір қатысушылардың бірыңғай тізілімінде 82 компания тіркелген. Оның ішінде құны 37,9 млрд теңге болатын 2 нысан пайдалануға берілді ( «KTZE–Khorgos Gateway» ЖШС, «Заря ltd» ЖШС).

 

 

 

Шекара маңы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасымен «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы» АЭА жобасын іске асыруда, ол Қазақстан, Қытай және басқа елдердің азаматтарының келуі үшін ашық. Келушілердің күн сайынғы саны 1200 адамнан 1800 адамға дейін, демалыс және мереке күндері — 2000 адамға дейін. 2018 жылы «Қорғас» ХШЫО-ына барлығы 4 138 806 адам барды. 2030 жылға қарай жүк айналымы көлемін жылына 5 млн тоннаға дейін жеткізу көзделген. 

 

 

 

АЭА аумағында барлығы жоспарланған 91 инфрақұрылымдық нысаннан 85 нысанның құрылысы аяқталды, 6 нысан – жақында пайдалануға беріледі. 2019 жылы 10 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. 

«Қорғас» ХШЫО аумағында түрлі іске асырылу сатысында жалпы құны 341,9 млрд теңге болатын 34 инвестициялық жоба бар. 
  

2019 жылғы 8 айда өңірге 305,2 млрд теңге инвестиция салынды
2019 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға жоспарланған инвестициялар көлемі 624,3 млрд теңгені құрайды. Қазіргі сәтте облыс портфелі 354 инвестициялық жобаны құрайды, олар 2019-2026 жылдары жүзеге асырылады, 38 633 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 28 жоба шетелдік қатысумен, 7 жоба ТҮК қатысуымен.

 

Биыл жыл басынан бері облыста келесі маңызды инвестициялық жобалар пайдалануға берілді: Қапшағай қаласында «ENEVERSE KUNKUAT» ЖШС күн электр станциясын салу, «Empire Food» ЖШС Жамбыл ауданында ет комбинатын салу.  
А.ж. 20 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі инвестициялық жобалардың бірі — Іле ауданында «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС майлау материалдарын шығаратын зауытын ашты.  
«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев айтқандай, бұл қазақстандық мұнайгазхимиясы саласы үшін аса маңызды оқиға. Бұл кәсіпорын — ТМД кеңістігінде жанар-жағармай материалдарын өндіру бойынша ең жоғарытехнологиялы және инновациялық алаң.  
«Бүгінде мұнда 200-ге жуық тұрақты жұмыс орны құрылды. Зауытта күн сайын 100 мың тоннадан аса мотор индустриялық май шығарылатын болады. Бұл өнімдер ішкі нарыққа ғана шығарылып қоймай, көршілес елдерге – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Батыс Қытайға шығарылады. Осындай ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін ел Үкіметі бүгінде үлкен жұмыстар атқаруда. Кәсіпорын біздің елімізге жоғары технологиялы, инновациящық, экспортқа бағдарланған жобаларды әкелетін инвесторларды тартуға бағытталған», — деді Б. Сартбаев. 
Жыл соңына дейін Кербұлақ ауданында «Аlacem» цемент зауытын, Панфилов ауданында «Феникс Фид Миллс» ЖШС құрамажем зауытын, Панфилов ауданында аумағы 25 га болатын «KIF Warehouses» ЖШС қоймаларды ашу жоспарланған. 

 

 

Сонымен қоса, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ 2-ші бесжылдығы аясында өзектендіруді ескерумен облыста 3488 жұмыс орнын құрумен 24 жоба бар. 2-ші бесжылдық жүзеге асырыла бастағаннан бері 11 жоба пайдалануға берілді, 2000-нан аса жұмыс орны құрылды. Биыл 1214 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 61,8 млрд теңгеге 11 жобаны енгізу жоспарланған. 

 

Сонымен қоса, 3-ші бесжылдық аясында 2020-2024 жылдарға арналған Карта жобасының тізімін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда 3 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 25-тен аса жобаны іске асыру қарастырылған.

 

Сонымен қатар фармацевтикалық өнеркәсіп дамыды. Жалпы өнеркәсіптік өндірісте фармацевтикалық өнеркәсіптің үлес салмағы 2,8% құрайды.

 

Фармацевтикалық саланың дамуына «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, «Келун Казфарм» ЖШС, «Сұлтан» ЖШС, «Долче» ЖШС, «Аксель и А» ЖШС, «ПФК «ЭЛЕАС» ЖШС тәрізді жобалар үлес қосты. Зауыттардың салынуы жалпы фармацевтикалық саланың дамуына оң ықпалын тигізді, бұрын шетелден импортталатын отандық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың ауқымды ассортиментін шығару қамтамасыз етілді.

Бұдан өзге, облыс еліміз бойынша шырындар мен алкогольсіз сусындар шығаратын негізгі өндіруші, 6 ірі өндіруші («Галланз Ботлерс», «Терра Нова», «Кока Колла Алматы Ботлерс», «RG Brands Kazakstan», «Голд Продукт», «Apple World») жылына 1 млрд литрге жуық сусын шығарады, өнім ассортименті үнемі артып отырады. 

 

Ірі сүт өнімдерін өндірушілер жұмыс істейді, олардың өнімдері еліміздің барлық өңірлерінде сұранысқа ие.

 

Облыста минералдық-шикізаттық базаның, пайдалы қазбалардың қомақты қорының болуы құрылыс индустриясын дамытуға мүмкіндік береді. Бүгінде облыста 60-тан аса құрылыс материалдарының түрлері шығарылады. Пеноблоктар мен газ блоктары, керамзит кірпіш, гипоскартон, құрғақ құрылыс қоспасы, лак-бояу бұйымдары, электр жеткізу желілеріне арналған металлконструкциялары, полиэтилен құбырлар т.б. шығарылады.

 

 

2019 жылдың соңына дейін жақсы күйдегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 81%-ға жетеді  
Өңірде облыстық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 6 мың шақырымнан асады. Әкімдіктің мәліметтері бойынша, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз әрі үұздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2019 эылы облыстық маңызы бар 348 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланған.  
27 шақырым автожолды салуға және қайта жөндеуге 4 млн теңгеден аса қаржы бөлінген. 

 

 

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық автомобиль жолдарының үлесі 78,1 % құрады, 2019 жылдың соңына дейін 81 %-ға жеткізу жоспарланған.  
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 147,5 шақырым жол жөнделген. Биыл 236,3 шақырым автомобиль жолын жөндеу және қайта жөндеу, оның ішінде «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай», «Алматы – Өскемен – Қызыл қайын – Лепсі, «Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ» автомобиль жолдарын қайта жөндеу көзделген, сонымен қатар 51,2 шақырым автомобиль жолы мен 8 көпірге күрделі жөндеу, 162,1 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

2019 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,4%-ға артты 

 

 

2019 жылдың қаңтар-тамыз айларының аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 333,6 млрд теңгені немесе елде шыққан барлық өнімнің 17%-ын құрады, бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсім 2,4% құрады. 

Мәселен, ірі қара мал басы 3,3%-ға артқан (1 197,9 мың бас), қой, ешкі – 0,9%-ға (4 337,4 мың басқа), жылқы – 5,7%-ға (357,4 мың бас), құс – 98,9%-ға (10 126,5 мың бас) ұлғайған. 204,7 мың тонна ет (102,2%), 530,8 мың тонна сүт (105,2%), 723,5 млн. дана жұмыртқа (98,1%), 8,5 мың тонна жүн (100,3%) өндірілген.

 

 

 

Биыл 2017-2021 жылдарға арналған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 42 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінген, оның ішінде субсидиялар 32,9 млрд теңгені немесе жалпы соманың 78%-ын құрайды. 

 

 

Бұл қаражаттан мал шаруашылығы саласын дамытуға – 13,5 млрд теңге, өсімдік шаруашылығына – 7,3 млрд теңге, су шаруашылығына – 2 млрд теңге бөлінген, АӨК субъектілерінің инвестициялық салымдарының орнын толтыруға 8,2 млрд теңге, олардың несие міндеттемелерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін – 3 млрд теңге т.б. 

 


8 ай ішінде қаржыландыру жоспарына сәйкес 60%-ға жуығы игерілген. «ҚазАгро» АҚ желісі бойынша 6,6 млрд теңге сомасына несие алынған. Мемлекеттік қолдаумен барлығы 8864 АӨК субъектісі қамтылған.  
500 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді: 672 аз қамтылған көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі
2019 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 784,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 101,2 мың шаршы метрі – бюджеттік қаражат есебінен, оның ішінде: 43,9 мың шаршы метр ауданы бар несиелік тұрғын үй (510 пәтерлі 8 үй), 52,1 мың шаршы метр ауданы бар жалдамалы тұрғын үй (708 пәтерлі 284 үй), 5,2 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй (61 пәтерлі 42 үй), ауданы 68,2 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй ( жеке құрылыс салушылар есебінен)(1184 пәтерлі 35 үй), ауданы 615,1 мың шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы (тұрғындар қаражаты есебінен).

 

 


Қаңтар-тамыз айларында 519,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 34,3 мың шаршы метр.  
Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мақсатында көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен қосымша 5,6 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 180 пәтерлік 8 үйдің құрылысына – 2,2 млрд тг, 492 пәтерді сатып алуға 3,4 млрд тг бөлінді. 
Биыл облыста 672 аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыны баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.

 

2019 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 11,3 млрд теңге бөлінді, олар 71 объектіні салуға жұмсалады.

 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 35 перспективалы массив анықталды. 2025 жылға дейін осы массивтерде жалпы ауданы 4,3 млн шаршы метрді құрайтын 2 мыңнан астам үй салу жоспарланған (115,6 мың пәтер).

Жалпы, «7-20-25» бағдарламасы бойынша 751 коммерциялық және несиелік пәтер өткізіледі.

Облыс азаматтарына бастапқы жарнаның 50%-ын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету үшін, жергілікті бюджеттен бюджет саласының қызметкерлеріне бірінші кезекте басымдық бере отырып, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және полиция қызметкерлері, сондай-ақ көп балалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын беруге 1 млрд тг қаражат бөлінді, алайда жекелеп алғанда 1 млн теңгеден аспайды. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша 68 тұрғын үй сертификаты берілді. Осы жылдың соңына дейін 300 сертификат беру жоспарлануда.

 

16 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты
2019 жылдың екінші тоқсанында 34 156 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 16 330-ы тұрақты жұмыс орындарына, 2996-ы уақытша жұмысқа орналысып, 6 711 адам ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

 

 

 

2019 жылы Алматы облысы бойынша Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарында 50 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 70,9% қамтылды. 
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5096 адам немесе 57,6% қамтылды. Оның ішінде 3222 адам оқуды аяқтады, 1684 адам немесе 52,3% тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренуге 1500 адамды жіберу жоспарлануда. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1450 адамды оқыту жоспарланған, бүгінде 1442 адам оқуға жіберілді.

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 155,3 млн теңге сомасына 100 АЕК дейін 615 грант беру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 131 млн теңгеге 519 грант берілді.

Сонымен бірге, Бағдарлама бойынша жастарға 200 АЕК-тен 1374 грант, сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен көп балалы отбасылар үшін 200 АЕК-тен 360 грант беру қарастырылған. Бүгінгі таңда 100,5 млн теңге сомасына 199 грант берілді.

Жыл басынан бері электронды еңбек биржасы арқылы 8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

 

220 мыңға жуық аз қамтылған азаматтар әлеуметтік көмек алды 
5075 отбасыға 160,1 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 1450 мүмкіндігі шектеулі балаға 45,4 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар 712 азаматқа 36,3 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.

 

 

 

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 24,2 млрд тг бөлінді. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 140,7 млн теңге сомасына 45 008 отбасыға (217 924 адам) тағайындалды. 
Оның ішінде 4344 еңбекке қабілетті азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған, атап айтқанда, тұрақты жұмысқа 3593 адам орналасты, қоғамдық жұмыстарға 408 адам бағытталды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 30, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға – 240, жастар практикасына – 43 адам жіберілді.

 

2019 жылы мүмкіндіктері шектеулі жандарды оңалтуға 3,3 млрд теңге бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 537,1 млн теңгеге артық.

 

 

Бірінші жарты жылдықта 36 туристік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілді
2019 жылдың І жарты жылдығының қорытындылары бойынша облыста 767 туристік қабылдау нысаны жұмыс істейді, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 9,4% құрады, 788,6 мың адамға қызмет көрсетілген.

 

Шамамен 30%-ға артқаны белгіленген, сырттан келушілер туризмі (резидент еместерге) 24,9%-ға артты. Бұл ретте ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 47,7%-ға өсіп, 5 719 млн теңгені құрады.

Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай су қоймасына келушілер саны 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 1725,6 мың адамды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары, оның ішінде: Алакөл көлінде 1321,1 мың адам, Балқаш көлінде – 24,5 мың адам, Қапшағай су қоймасында – 380 мың адам.

 

 

Тұру орындарымен туристік сауықтыру қызметтерінің саны 1,5 есе өсіп, 9752 млн теңгені құрады.

Бірінші жарты жылдықта өңірде 1 472 млн теңге сомасына жеке инвестицияларды тартумен 36 туристік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілді. Соның ішінде Алакөл көлінің жағасында 30 туристерді қабылдау нысаны пайдалануға берілді.

 

 

Бұдан өзге, Алакөл көлінде бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды жобалау жұмыстары аяқталды, соның ішінде демалыс аймақтарын ескере отырып, Ақши ауылында сумен жабдықтау жүйесін салу, Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау, ұзындығы 313,5 шақырым болатын, Алакөл көліне апаратын республикалық автожолды реконструкициялау, «Жетіген – Достық – Жетіген» бағыты бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыру және т.б. 
Сонымен бірге, тау туризмі өңірдегі туризмнің айтарлықтай үлесін алады. «Ақ-Бұлақ» тау шипажайына баратын автожолды реконструкциялау жұмыстары, ««Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» курортына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары, Көлсай көлдері, Таңбалы музей-қорығы, Шарын каньоны секілді туристік қызығушылық тудыратын нысандарға апаратын жолды салу жұмыстары аяқталды. 
Өңірдің туристік индустриясын цифрландыру жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. Zhetysu.travel халықаралық туристік порталы әзірленіп, іске қосылды.Порталға интерактивті карта кіріктірілген, онда белгіленген критерийлер бойынша іздеу мүмкіндігімен туристік нысандар мен субъектілер көрсетілген. Сонымен бірге, 4200-ге жуық туристік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілері Google және Яндекс жетекші халықаралық картографиялық сервистеріне, сонымен қатар TripAdvisor және Profi.Travel саяхатшылардың ірі туристік порталдарында орналастырылған.

 

 

 

МӘМС енгізу аясында 2 205-тен астам адам тіркелген 
Өңірде медициналық ұйымдарды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету және интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 53 медициналық мекеме қағазсыз медициналық құжат жүргізуге қосылды, 117 форма электронды форматқа ауыстырылды, 1 910 220 адамға электронды денсаулық паспорты жасалды, бұл халықтың 94,3% құрайды.

 

 

 

 


Интернетке қолжетімділік облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде 100%, аудандық деңгейден төмен – 75% қамтамасыз етілген.Компьютермен қамтамасыз ету 100% құрайды. 
МӘМС енгізуді жүзеге асыру аясында халық арасында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Барлық аудандар мен қалаларда МӘМС енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру үшін штабтар мен жұмыс топтары құрылды.

 

 

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы 100 орындық перзентхана, ауысымына 250 адамға арналған емхана салуға, Сарқан қаласындағы 105 орындық перзентхана ғимаратын рекнострукциялауға және Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауылдық аурухана ғимаратын сейсмикалық нығайту үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 4,3 млрд теңге бағытталды.

 

 

 

Мектепке дейінгі білім беруді дамыту: облыста 780 балабақша мен 389 шағын орталық жұмыс істейді 
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 780 балабақша және 389 шағын орталық жұмыс істейді, оларда 106 мың бала немесе 98,5% қамтылған, бұл 2018 жылғы деңгейден 3,2% жоғары.  

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылының басында 3 ауысымдық мектептер саны 28 бірлікті құрады. Үш ауысымдық оқуды жою үшін 16 мектеп пен әрекет етіп тұрған мектептерге 15 қосалқы ғимарат салынатын болады. 
Инвестициялық жобаға сәйкес, 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 1800 оқушы орнына арналған 1 мектеп және 4 қосалқы ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 3000 оқушыға арналған 5 мектептің мемлекеттік сараптамасының қорытындысымен жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды, олардың құрылысы 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар, 18 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалуда.

 

Облыста 1169 мектепке дейінгі ұйым бар, оларда 84 137 бала қамтылған, оның ішінде 780 балабақшада 69 539 бала, 389 шағын орталықта 14 598 бала.

Облыста 769 жалпы білім беретін мектеп бар, оның 760-ы мемлекеттік (66-ы бастауыш, 59-ы негізгі, 635-і орта), олардың 667-сі немесе 87,8%-ы ауылдық мектептер. Облыстағы мектептерде 410 329 оқушы оқиды, өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың саны 20 242 балаға көбейді. 1-сыныпқа 48 061 бала қабылданды.

Облыстағы барлық 760 мектеп 100% компьютерлік техникамен жабдықталған. Компьютерлердің жалпы саны 46 698 құрайды, оның 36 565-і (78,3%) ауылдық мектептерде. 

 

2019 жылы 737 мектеп (97%) онлайн режимінде BilimLand білім беру платформасына қосылды. Бүгінгі таңда 4507 мұғалім оқытудан өтті. Пайдаланушылар саны – 32 319, белсендірілген аккаунттар – 26 573, қаралған саны – 209 578.


Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады: