Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ғалым Мұтанов UNION халықаралық университеттер қауымдастығының президенті болып сайланды


24 сентября 2019, 03:54 | 1 602 просмотра



АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов «UNION» Халықаралық университеттер ассоциациясының президенті болып сайланды.

Бұл туралы Қазақстанда алғаш рет Алматыда өтіп жатқан «QS Worldwide» форумының салтанатты ашылуында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «UNION» халықаралық университеттер ассоциациясы («Universities Open Network») 35 елдің 100-ден астам жетекші университет мүше ғаламдық желі. Ұйым президенті конкурстық негізде сайланады. Барселонада (Испания) өткен ассамблеяда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов бірауыздан қауымдастықтың басшысы болып сайланды.

«Біз Ғалым Мұтановты белгілі ғалым, тиімді менеджер және жоғары білім саласындағы жаңашыл тұлға ретінде білеміз. Оның басшылығымен ҚазҰУ үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейдегі озық университетке айналды. Ол Ассамблеяны басқара отырып, оның қызметіне және мақсаттарына қол жеткізуде үлкен үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Барселона жоғары менеджмент мектебінің директоры Татьяна Компаниец, 19-20 қыркүйекте Алматыда өткен Университеттердің жаһандық форумында сертификатты табыстай отырып.



Автор:
https://www.inform.kz