Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Birinshi Jastar Oiyndary


24 сентября 2019, 04:11 | 2 226 просмотров



Талдқорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Birinshi Jastar Oiyndary» атты спорт фестивалінің іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетті.
Жастар ойындары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты аясында өткізілуде.
Зияткерлік мектептің командалары волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ, әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарысты.
10-сынып оқушысы Илмурат Исхакбаев іріктеу кезеңінде жеңіл атлетикадан жеңімпаз атанып, 100 метрге жүгіруден ең жақсы нәтиже көрсетті. Жас спортшының көрсеткіші 11,87 секундты құрады. Енді Ильмурат 14-20 қазан аралығында Щучинск қаласында өтетін «Birinshi Jastar Oiyndary» Республикалық спорт фестивалінің қорытынды кезеңіне жолдама алды.

Автор:
Nis Taldykorgan