Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үкімет мүшелері жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды


24 сентября 2019, 04:38 | 1 205 просмотров



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Делегация "Электротехникалық колледж" КМҚК жұмысымен танысты. "Электротехникалық колледж" студенттері "WorldSkills" кәсіби шеберлік чемпионатына бірнеше рет қатысып, биыл колледж студенттері "Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді басқару" құзыреттілігінде үшінші орынды, "Вest of Nation" - "Өз елінің үздік өкілдері" кәсібилігі үшін медальді және "Мехатроника" құзыреттілігі бойынша орташа балдан жоғары нәтиже үшін медалді иеленді.
Сонымен қатар, Үкімет мүшелері Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде болып, қала жұртшылығымен, оның ішінде ҮЕҰ өкілдерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, жастар ұйымдарымен, кәсіпорын қызметкерлерімен және өңір белсенділерімен кездесті.

Жұмыс сапары аясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде болып, жоғары оқу орнының қызметімен танысты. Бұл күні БҒМ басшысы Өскемен қаласында болып, Ұлан ауданының "Таврия орта мектебі" КММ-де болды. Таврия орта мектебі апатты мектептің орнына салынған мектептердің бірі болып табылады.

Білім және ғылым министрі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің (ШҚМТУ) студенттері және оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында білім және ғылым министрі білім саласында орын алып жатқан өзгерістер, жұмыстағы басым бағыттар мен Министрліктің жұмыс жоспарлары туралы айтты. Кездесу барысында министрге университет жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды. ШҚМТУ-да жұмыс істейтін жас ғалымдар ұжымы қызметінің негізгі нәтижелерін көрсетті. Бұл күні БҒМ басшысы "Ақниет" мектеп-интернатында да болып қайтты.

Үкімет делегациясының мүшелері Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болып, қала жұртшылығымен кездесті. Кейін ҚР Білім және ғылым министрі аймақтың педагог-ұстаздар қауымдастығымен кездесті. Кездесуде Президент Жолдауының басым міндеттері, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Заң, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қатысты мәселелер талқыланды.

Автор:
ҚР Білім және ғылым министрлігі