Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өмірден озған бабалар, болашақ ұрпақ бағалар


25 сентября 2019, 03:12 | 2 141 просмотр



Тарих қойнауын көз жүргіртер болсақ, Балпық он екі ата Жалайырдың ең үлкені Андас тармағына жатады. Қай жерде, қандай жағдайда болмасын өзінен екі жас үлкен Ескелді бимен аты қатар аталған. Жүздеген жылдар бойы үздіксіз шапқын жасап тұрған Жоңғар қалмақтарынан ығысып, Сыр бойын, Шу бойын паналап жүрген Жалайырлардың басын құрап, Ескелді, Қабан ақын, Орақ батырлармен бірге жаудан босаған Жетісу өлкесіне көшіріп әкеліп, қоныстандырған еңбегі ел аузында ерекше айтылады. Қазақ та «өлі разы болмай, тірі байымайды»,-деген нақыл сөз бар. Қазақ халқы әрқашан өмірден озған ата-бабабларын еске алып, құран бағыштап, топырағын жаңартып қайту ескіден келе жатқан дәстүр.

  Осындай қағидатты місе тұтқан  Күреңбел қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Касенованың  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында және  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша Балпық би кесенесіне бір күндік танымдық саяхатқа барып қайттық. Мақсаты: Балпық би атаның өмірбаянымен танысу, оқушыларға үлгі тұтқызу. Жорық кезінде балаларға Балпық әулиенің тікелей ұрпақтары Оңғаров Амангелді атамыздан тараған ұрпағы Оңғаров Ербол баласы қазырғы таңда Балпық әулиенің шырақшысы болып отыр. Шырақшы Балпық атаның өмірбаяны туралы қысқаша мағлумат беріп, оқушыларды қызықтыра білді. "Балпық би, Ескелді би кесенесіне мектеп оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Ильясова Асем Нұрмұхамбетқызы барды.

     Бір күндік танымдық саяхат барысында көптеген тарихи мағлұматтар алып, өмірден озған бабаларымызбен сырласқандай күй кешкенімізді сөзбен айтып жеткізе алмаспыз. Әл-Фараби бабамыздың сөзімен айтар болсақ, «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын», - деген еді.

     Ескелді би бабамыздың басына барғанымызда бізді өзінің жылы құшағымен Ескелді би бабамыздың шырақшысы Сүлейменұлы Бақберген ағамыз қарсы алды. Балпық би мен Ескелді би бабамыздың арасында тығыз қарым – қатынас болғандығын, өзара дос та болғандығын бандап берді.

  Тәлім мен тәрбие мол танымдық саяхаттан оқушыларымыз үлкен тәлім, тәрбие алып, пікірлерімен бөлісіп қайтты.

Автор:
М.Касенова Күреңбел қазақ орта мектебі директорының