Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

НҰР-СҰЛТАНДА «DIGITAL BRIDGE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТЕДІ


25 сентября 2019, 04:04 | 1 720 просмотров



Елордада 24-25 қазанда жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Astana Hub» ІТ стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қоры баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл «Digital Bridge» форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау үшін Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткізіледі. «Digital Bridge» форумының басты мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесіне қатысушылар арасында диалог алаңын құру және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер арасында қазіргі заманғы технопарктер пулын қалыптастыру.

«Биыл Digital Bridge Қазақстандағы цифрлық экожүйеге қатысты барлық іс-шараларды бір қолшатырдың астына жинаған форум болмақ. Біз Digital Bridge бизнес, стартаптар, мемлекет және осы саладағы мәселелерді шешуге, цифрлық идеяларды ілгерілетуге, нақты пайда әкелетін жобаларды іске асыруға ниетті аудиторияларды біріктіретін көпірге айналғанын қалаймыз», — деп хабарлады «Зерде» ҰИХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қатысуымен ұйымдастырып отыр. Форум «Қазақтелеком» АҚ, ERG және BTS Digital қолдауымен өткізіледі. Форум сайтында қатысушыларды және БАҚ өкілдерін тіркеу ашық.

Автор:
http://kazgazeta.kz