Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық спорт фестивалі: Жамбы атудан жеңімпаздар анықталды


25 сентября 2019, 04:16 | 2 602 просмотра



НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан фестивальде жамбы ату бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай, фестивальге Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан,, Атырау облыстарының мергендері қатысты.


Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан алтын жүлдені 33 ұпай иеленген сұрмерген Ералхан Айкөз олжалады. Күміс жүлде 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, қарағандылық Талғат Омарбаевқа, қола жүлде ақмолалық мерген Жалғас Құрманға бұйырды.

Ұлттық спорт фестивалінде жамбы атудан жүлдегер атанған спортшылар:

1 орын – Ералхан Айкөз (33 ұпай) (Түркістан облысы)

2 орын – Талғат Омарбаев (25 ұпай) (Қарағанды облысы)

3 орын – Жалғас Құрман (24 ұпай) (Ақмола облысы)

4 орын – Абзал Тулыбеков (15 ұпай) (Жамбыл облысы)

Ал бүгін Ақтөбе уақытымен сағат 10:00-да көкпардың финалдық ойындары басталады. Сондай-ақ, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын V Ұлттық спорт фестивалінің салтанатты жабылуы, жеңімпаз спортшыларды марапаттау рәсімі өтеді.



Автор:
https://www.inform.kz