Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жетісу жерінің ұлағатты ұстазы Әжібекова Серікжамал Нүсіпқызының шығармашылық дара жолы


27 сентября 2019, 05:35 | 1 500 просмотров



«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сенімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын – адамның алтындығы.

 

Ғ.Қайырбеков

 

Жетісу жерінің  ұлағатты ұстазы Әжібекова Серікжамал Нүсіпқызының   шығармашылық  дара жолы

                                                                                                   

 

ҚР  білім  беру  ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, сазгер     Серікжамал  Нүсіпқызы Әжібекова - 10.10.1949 жылы Алматы облысы,Қораталды ауылында(қазіргіТекелі қаласы)дүниеге келген.

Ақтөбе  республикалық мәдени- ағарту училищесін «Хор ұжымының  жетекшісі»(1964-1968 ж.) дипломын алып, І.Жансүгіров  атындағы Талдықорған педагогикалық институтын  (1976- 1980ж.) «Ән-күй пәні мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. ҚР білім беру ісінің үздігі  белгісімен (2000ж,) ҚР білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен (2008ж.),сонымен қатар,көптеген облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқаулардың «Үздік  ұстаз» дипломдарымен,алғыс хаттарымен марапатталған,2016ж.«Үздік  мәдениет  қызметкері» номинациясын  иеленді. 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша-Қазақстан  республикасы Білім  беру  саласына  қосқан  үлесі  үшін республикалық ғылыми-педагогикалық «Алаш  ұстазы»  әдістемелік журналының «Алаш  ұстазы» төсбелгісімен  марапатталды.  Бүкілодақтық халық таланттары байқауының лауреаты.

Серікжамал Нүсіпқызы –жоғарғы санатты ұлағатты    ұстаз, әнші,композитор, қоғам қайраткері,   облыстың мәдениет және білім салаларында 51 жыл көлемінде абыройлы қызмет атқарып келеді. Біз әңгімені Серікжамал Нүсіпқызына сауалнама қоюдан бастадық.

- Кәсіби  музыка мамандығын алу жолдарыңыз туралы не айтасыз?

Ақтөбе республикалық мәдени-ағарту училищесінің  ән-хор бөлімін  бітірдім.  1976-1980жылдар аралығында ауданның жолдамасымен Талдықорған педагогикалық институтының музыкалық факультетіне жолдасым Алыбаев Талғат екеуіміз оқуға түсіп,оны 1980 жылы үздік қызыл дипломмен бітірдік.Студенттік кезде институттың барлық шараларына қатынасып,институт қабырғасында құрылған Жетісу ән-би ансамблінің алғашқы хормейстерлерінің және әншілерінің бірі болдым.

- Серікжамал Нүсіпқызы, еңбек жолын қай жерде бастап едіңіз?

Еңбек жолын Ескелді ауданының мәдениет саласынан бастап, 1968-1976жылдар аралығында Ақсу ауданының мәдениет саласында, яғни, аудандық мәдениет Үйінің әдіскері, Ақсу халық театрының әншісі,аудандық радионың дикторы, мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісі, директоры жәнебілім саласында-«Солнышко» балабақшасының музыкалық жетекшісі қызметтерін атқардым

Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін,1980-1991 жылдар  аралығында Ақсу аудандық музыка мектебін мұғалімі, Ақсу  мәдениет  бөлімінің  меңгерушісі қызметтерін  атқара отырып,сол кездерде ауданда өткен барлық  мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатынасып, мектептер мен мекемелердің көркемөнерпаздар ұжымдарына кәсіби түрде көмек көрсетіп, көптеген концерттік бағдарламарды дайындап, жеке әншілер және әртүрлі әндік топтар (дуэт, трио, квартет т.б.) үлкенді-кішілі хор ұжымдарын құрып,  олармен аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болып отырдық.

 .

            -Ал. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқытушылық қызметі туралы не айтасыз?

                        1991-2007 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  аға оқытушылық қызметін атқардым. Университет қабырғасында оқытушылық қызметпен қатар ғылыми-әдістемелік, шығармашылық, ағартушылық жұмыстармен шұғылданып, ғылыми  мақала  жазып,100-ден аса әндер шығардым.Кафедраның әдістемелік  тобын басқару барысында жаңа технология, ұтымды педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы көптеген жұмыстар жүргізуге ынта қойдым.Студенттері ғылыми  конференцияларға белсенді қатынасуына жүлделі орындарға ие болуына көмек бердім. Университет қабырғасында ақын,ф.ғ.к.,профессорД.Аңсабаевпен бірлестікте І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Гимнының жаздық.Гимнды студенттер әр кезде өтілетін шараларда  орындап жүр.2007 жылы зейнеткерлікке  шықтым, бірақ, алғашқы президентіміз  Н. Назарбаевтың «Өнерде -кәрі,  жас  деген  ұғым  жоқ,  дарынды-дарынсыз  деген  ұғым  бар», деген сөзі  қанаттандырып, Роза  Бағланова,  Бибігүл  Төлегенова,  Асанәлі  Әшімов сияқты аға буынды өнер  тұлғалардың үлгісімен  дарынды  жастарға жетекші ұстаз,  тәрбиеші  болуды ұйғардым.

Адамның рухын көтеретін де, көңілін құлазытатын да және жайнатып жадырататын да ән болғандықтан, оны байыбына тереңнен бойлап түсіне білу өнер сүйетін, құрметтей білетін жанға жат емес. Ол кісіні байсалдылық, ұстамдылық, кішіпейілділік, жұмысына берілгендігі мен адалдығы ерекшеленеді. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сенімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын – адамның алтындығы, – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, шәкірттеріне жүрек жылуын сыйлаған ұлағатты ұстаз туралы талай ой қозғауға болады. Ұстаз болғанда да білім мен тәрбиеге ғылыми тұрғыдан қараған әдіскер педагог болды.

Қазіргі кезде Талдықорған қаласы әкімшілігінің Өнер мектебінде  және   «Мен жұлдызбын!» үлгілі ән студиясында  өнерлі балаларды үлкен өнерге баулып, оларды әртүрлі  деңгейдегі  байқауларға дайындап қосуда.1968 жылдан  бастап осы кезге  дейін,яғни көп жыл бойы ұстаздан  тәлім-тәрбие, білім алған,өнерге қанат  қаққан  оқушылары және ізбасарлары республикамыздың   орта  және  жоғарғы  музыка  және  өнер саласындағы оқу  орыдарын  бітіріп,республикамыздың түпкір-түкпірінде және жақын- алыс шет  елдерде еңбек етуде.Ұстаз болғанда да білім мен тәрбиеге ғылыми тұрғыдан қараған әдіскер педагог болды. Серікжамал Нүсіпқызының ұстаздың ең басты жетістігі – шәкіртінің алғысын алу деп білеміз . Оқу бітіргенімізге ұзақ уақыт өтсе де ұмытпай, шәкірттік алғыс сезімін білдіріп, хабарласып тұратын шәкірттері бар Серікжамал Нүсіпқызы оларға ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беруден еш жалыққан емес және ұстаздық бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісіндей болып тұрады. Көптеген оқушылары арнайы оқу  орындарында  білім алуда және     білім,өнер және мәдениет саласында қызмет етуде.

 

            Серікжамал Нүсіпқызының оқушылары  облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқау, фестивальдаға ұдайы қатынасады.  Олар Қазақстанның Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қостанай , Ресейдің Сочи, Москва, Санкт-Петербург қалаларында, шет елдерде Голливуд, Түркия, Франция, Белоруссия, Латвия, Өзбекстан  мемлекеттерінің сахна төрлерінде ән шырқап, жүлдегер атанды. Шәкірттері республикалық және халықаралық  байқаулардың  лауреаттары.  Ұстаз көптеген вокалды-хор ұжымдарымен,  жеке  әншілермен жұмыс  жасап, 2007-2019ж.ж. аралығында  500-ге  жуық  әртүрлі деңгейдегі  лауреаттар дайындады.

 

     Сонымен  қатар, қала, облыс  көлемінде  өтілетін  мәдени-көпшілік,  қоғамдық жүмыстарга өзі де белсене  қатынасып, оқушыларын да қатынастырып  отырады. Көп  жылдардан  бері көптеген байқаулардың қазылар алқасы  құрамына шақырылды.      Мысалы, облыстық «Жетісу» телеарнасының «Балдәурен» телевизиялық  байқауының бірнеше  жыл  бойы  қазылар алқасының төрайымы,облыстық шығармашылық үйінің «Жетісу  жұлдыздары» дарынды  балалар  байқауының қазылар  алқасының мүшесі,Қазақстан халқы  кіші Ассамблеясының  ұйымдастыруымен «Өнерім- -өмірім» байқауының алғашқы  ұйымдастырушылары қатарында және бірнеше  жылдар  бойы қазылар  алқасының  төрайымы  және  мүшесі,облыстық  Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына  ұйымдастырылған «Ерлік-елге  мұра,ұрпаққа  ұран» облыстық патриоттық  әндері байқауының  төрайымы, облыстық ұлы  композиторымыз Шәмші  Қалдаяқовтың  шығармашылығына  арналған «Менің  Қазақстаным» байқауының  қазылар алқасы  мүшесі, қала әкімінің жүлдесіне  өтетін «Талдықорған шұғыласы» дарынды жастар  байқауының Гимнінің  авторы  және алғашқы  ұйымдастырушыларының бірі және  қазылар алқасының мүшесі,облыстық  білім  бөлімінің  ұйымдастыруымен өтілетін «Дельфий ойындары»байқауының  бірнеше рет қазылар  алқасының  мүшесі  және  төрайымы, «Жарқын  болашақ» облыстық  байқауының қазылар  алқасының мүшесі,қала  әкімінің жүлдесіне өтетін  «Балдәурен»  балалар  байқауының  қазылар  алқасының  мүшесі, облыстық «Жұлдызай» мүмкіндігі  шектеулі балалардың өнер  байқауының төрайымыт.б ретінде дарынды  жастарға қолдау  көрсетіп,  өнер  жолына  баулу  мақсатында  жанды  көмек  көрсетуде.

  С.Н. Әжібекованың  қаламынан жасөспірімдерге  арналып  жазылған патриоттық әндерінің тәрбиелік  маңызы  өте  зор.    Қазіргі кезде150-ге жуық әндердің, (соның ішінде 11Гимн) 50-ге жуық әртүрлі құрамдағы хор, ән топтарына арналып өңделген шығармалардың  авторы. Әндері облыстық, республикалық М.Төлебаев атындағы композиторлар байқауларында (3,2,1, бас жүлде)., республикалық «Ең үздік балалар әні»байқауларында жүлдегер атанды.  

Шығармалары  көптеген  байқауларда, концерттерде  өз  қаламызда,  облыс, республика көлемінде  орындалып  жүр.11Гимн-облысымыздағы  ең үлкен оқу орны-  І.Жансүгіров  атындағы мемлекеттік  университетінің  Гимнінен бастау  алған , әрі  қарай- орта мектептер, Өнер  мектебі, спорт  мектебі, дәрігерлер,өнер  байқауларының  т.б.   аталған  ұжымдар  ұдайы  орындауда .

Еңбектері  бағаланып, халықаралық «Хрустальная магнолия» байқауының  «Лучший  мастер-педагог» (Голливуд),Ең үздік ұстаз» дипломымен (Ресей-Москва), «Надежды Европы» (Ресей-Сочи) халықаралық байқауының дипломымен, халықаралық «Харманд-фестиваль» (Түркия-Стамбул) «Рига симфони»,(Латвия),«Золотой  микрофон»-(Қостанай), «Перекрестки»- (Минск) фестиваль-байқауының алғыс хаттарымен, халықаралық «Ақ көгершін», «Бозторғай», «Ғұмырдария» «Шаттық», «Күншуақ» (Астана, Алматы), республикалық «Әнші балапан», «Әсеттің әсем әндері-ай», «Жырлайды жүрек», «Атадан  мұра», «Ұлы  дала  дарыны»,  Әлия  Назарбаеваның «Жандану  өлемі» қорының, «Тамшылар»радиоконкурсы,халықаралық «Жарық  жұлдыз»,Восходящая звезда», «Музыкальное созвездие», т.б. және де көптеген облыстық, қалалық дәрежедегі дипломдар мен алғыс хаттарымен марапатталды.  Шығармашылығы туралы «Жетісу»телеарнасы бірнеше хабарлар ұйымдастырды, облыстық, республикалық газет, журналдарда мақалалар жазылды.  

 Аты Ақсу  ауданының  Құрмет  кітабына «Абыз Ақсу, аңыз Ақсу, нағыз Ақсу» кітабына (С.Серпебаев, Алматы, Полиграфкомбинат,2012ж.), «Тарихы терең Талдықорған» (авторлық бірлестік Ә.Ысқабай, Т.Әбдіуәли, А.Қасабек т.б. Алматы, «Дәуір» 2012ж.) альбом-кітабына енгізілген. ,республикалық «Қазақстан»телеарнасының  «Айтуға  оңай» бағдарламасына 2 рет  арнайы  шақырылып  қатынасты.12-12 акпан  2017ж. Алматы  қаласында  өткен  республикалық«Атадан  мұра» байқауынан 5 оқушы  Гран- при  жүлде  алғаны  үшін  «Үздік  ұстаз» лентасымен  және алғыс  хатымен марапатталды. 06,03,2017ж. халықаралық әйелдер күніне орай Алматы облысының  Құрмет грамотасымен  марапатталды,мәдениет қызметкерлерінің күнінде- «Үздік  мәдениет  қызметкері» номинациясын  иеленді.

Жанұясында 3 баласынан-, 5 немере, 1 шөбере тәрбиелеп  отырган ардақты  әже.Жолдасы-дарынды  музықант, ҚР білім  озаты,  ұлағатты  ұстаз-Алыбаев  Талғат  Жексембай ұлы  52 жасында  1999 жылдың 19-шы желтоқсанында қайтыс  болған.

Серікжамал  балалар үшін тырмысып, өз бойындағы пендешілігін жая отырып, әр шәкіртінің жүрегіне жылу сеуіп, нұр құйған, мәңгілік із қалдырып отырған ұлағатты ұстаз. Ол кісінің жылы жүзді,  ашық қоңыр дауысымен, ой-өрісінің кеңдігімен, қарапайымдылығымен, кішіпейілділігімен көпшілік жастарды жарқын мінезімен өзіне тәнті ете отырып, шәкірттерінің біразының әнге деген сүйіспеншілігін одан әрі арттыра түсуіне себепші болды. Адамға жылы шырай танытудан шаршамайтын, әр шәкіртімен жастарша сөйлесетін ерекше жақсы, тартымды әдеті бар, ұстаздық тұлғасы ел мүддесін өз мүддесінен биік қойған, өмірге үлгі болар, болашаққа жол сілтер, қоғамдағы орны асқарлы биік шыңдар секілді. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен француз ойшылдарының бірі.  

Ұлы  Абай өзінің халқына,келер ұрпағына арнаған сөзінде былай дейді: «....адал еңбек,ар-ұждан қай дәуірде болмасын көнермейтін,адамды қиыншылық атаулыдан алып шығатын тіршілік тұтқасы,өмірдің нұсқасы,жастарды жарыққа жетелейтңн жарық жұлдыз»-деген. Ардагер ұстазға тілейтініміз жасыңыз ұзақ,денсаулығыңыз мықты болсын!

 

Жұматай Таубалдиева,

 І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік

Университетінің қауымдастырылған

профессор (доцент),педагогика

 ғылымдарының кандидаты,                                        

 

 

                        

Автор:
Раушан Алсаитова, қауымдастырылған профессор (доцент),өнертану кандидаты.