Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту.


27 сентября 2019, 15:45 | 454 просмотра



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту жөнінде білім беру. 26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру. Білімін , ойлау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: кесте, суреттер( ұлттық музыка аспаптары)

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік

Түрі: жаңа сабақ

Күтілетін нәтиже:

1.Ондықтан аттап жазбаша қосу мен азайту тәсілдерін меңгереді.

  1. Ондықтан аттап қосу, азайтуға берілген мысалдарды шығара алады.
  2. Екі амалмен шығарылатын есепті шығара алады.

Не арқылы бағаланады:

1.Ондықтан аттап қосу мен азайтуға  берілген мысалдарды шығару.

  1. Есепті салыстырып, оны шығару. №6

3.Берілген тапсырмаларды толық орындау.

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік.

Психологиялық дайындық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, достарым,

Бәріңді көрсем қуанам!

Музыка «Аяқпенен топ-топ» әнін тыңдап, қимылмен орындату.

ІІ.Қызығушылықты ояту.

 

Қазақ халқының ұлттық аспаптарымен таныса отырып, есептер де шығарамыз.

а) Алғашқы аялдамадағы мысал:                            Жетіген аспабы туралы түсінік беріледі.

Тез есепте!      Математикалық диктант.

1.45 + 32               68 – 23               49 - 21        97 – 45

  • 5 ондық, 4 бірліктен тұратын сан;.
  • Санау кезінде 99- дан кейін тұратын сан;
  • 80 санының алдындағы сан;
  • 36 мен 6 сандарының айырмасының мәнін тап.
  • Бірінші қосылғыш – 30, екінші қосылғыш – 7. қосындының мәнін тап.
  • 7 санын 8 –ге арттыр;
  • 18 санын 9-ға кеміт.

ІІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

 
   

 

 

а) Келесі аялдамадағы мысал:                            ә) Үскірік аспабы туралы түсінік.

№ 1. Ауызша. Қосындылардың мәнін тап.

20 + 30               6 + 4                    50 + 10

№2. Түсіндір:

26 + 34 =  (20 + 30 ) + (6 + 4)  = 60

(26 + 30 ) + 4                                             (26 + 4) + 30

 

а) Келесі аялдамадағы мысал:                            б) Шертер аспабы туралы түсінік.

№ 3

50 – 20             10 – 6               30 + 4

№ 4

60 - 24             

60 - 24 = (60- 20 ) - 4                            60 - 24 = (60- 4 ) - 20

60 - 24 = (50-20) +(10-4)

 
   

 

 

а) Келесі аялдамадағы мысал:                           

Сергіту сәті. Ұлытау тобы. «Жұмыр қылыш» күйі.

 
   

 

 

а) Келесі аялдамадағы мысал:                             в) Сазсырнай аспабы туралы түсінік.

№5. Түсіндіре отырып, шығар.

64+16═(60+10)+ (4+6) ═ 80                                    90-23                        37+43

70-24═(60-20)+(10-4)═46                                        35+35             90-68

 

 
   

 

 

Келесі аялдамадағы мысал:                              г) Домбыра, қобыз аспаптары туралы түсінік беріледі.

 

 

№6. Есептерді салыстыр. Не байқадың?

Оқу, талдау

а) Домбыра -40

Қобыз -?, 16-сы кем

Барлығы-?

40 + (40 – 16)  = 64              Жауабы: 64 аспап

ә) Қобыз -24

Домбыра- ?, 16-сы артық

Барлығы-?

Шешуі: (24+16)+24═64 аспап

 

№7. Әр қатардағы сандарды өсу ретімен теріп жаз:

13,17,18,21,25,28,54

12,17,18,21,25,45,52,54,71,81

Салыстыру. Ұқсастығы (барлығы да екі таңбалы сандар),

айырмашылығы (екінші қатардағы сандардың цифрларының орындары ауысқан)

 

Ойлан тап: Балапанға көмектес:

/8 – 5 / - 3 = 3

/ 8 + 5 / + 10 = 3

 

ҮІІ . Толғаныс.

 - Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Кел, ойнайық!  «Аялдаманы хабарла».

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Бағалау.     

 

Автор:
Зауре МҰСТАФАЕВА, Кіші шыған орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Панфилов ауданы.