Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Буын. Не деу керек?


27 сентября 2019, 15:55 | 555 просмотров



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға буын туралы, сөздерді буынға бөліп оқуды үйретіп бару.

ә). Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

б). Әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй жабдықтарының суреттері, қима қағаздар. суретті сөзжұмбақ, сурет

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сәлемдесу.
  3. Ой қозғау.

 

Күн көзін бұлттан ашу. (ол үшін бұлтта жазылған сұрақтарға жауап беру керек).

Күн көзі ашылған соң,

Барлығы: Күннің шуағы жылы.

                   Ананың құшағы жылы.

Ғ. Мүсірепов атамыз «Адамда не қасиет болса, бәрі күнің көзі мен ана сүтінен  алынған қасиет»  деген екен. Балалар, күн нұрынан жылынып алдық, бір-бірімізге қарап күлімдейік.

Қанекей, осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

  1. Үй тапсырма сұрау. Жұп дауыстылар. «Көрші атам» өлеңді жатқа айту.

Өткен сабақты бекіту. «Жұбын тап» ойыны .

       
       

 

 

 

 

 

 

  1. Жаңа сабақ. Буын. (суретті сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақты ашу)

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, а-та, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік.

58-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.Дауысты дыбыстарды атаңдар.

Апа, әже, ата, көке, шеше, нағашы, жиен.

  1. Суретпен жұмыс. Кішіпейілдік – кісілік белгісі.
 
   

 

 

 

 

 

 

 

59-жаттығу. Мақал-мәтелді оқыңдар. Әр сөзде неше дауысты дыбыс, неше буын барын айтыңдар.

  1. Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.

  1. Күннің шуағы – жылы,

Ананың құшағы – жылы.

  1. Сергіту сәті.
  2. Оқулықпен жұмыс.

Не деу керек?

-Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып, жеу керек?

-Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай.

Сен  де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

-Әжең сенің түскі асқа

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?

-Добын апар Назардың!-

Деді ағаң, бармадың.

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың.

Сен қай сөзді айтпадың?

Мақалдарды жаттап алыңдар.

Мақалдар

  1. «Сіз» деген - әдеп,

«Біз» деген – көмек.

Әдепті бала

Ата-анасын мақтатар.

Әдепсіз бала

Ата-анасын қақсатар.

  1. Сабақты қорытындылау.

Буындардан сөз құрау.

  1. Үйге тапсырма.

«Не деу керек?» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бақытгүл БЕКЕНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі. Жаркент қаласы.

 

Автор:
Бақытгүл БЕКЕНОВА,Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі. Жаркент қаласы.