Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аққу, Шортан һәм Шаян


27 сентября 2019, 16:01 | 72 просмотра


А.Байтұрсынұлы. (И.А.Крыловтан аударған)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген мысалды оқи алады. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Жұптық  жұмыс жасайды.  

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Сабақ барысы :

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Өнер де, ой да, білім де

Өркендер ана тілінде

Ананың тілін сүйгендер,

Саналы білім үйренер.

Алу үшін сапа, білім,

Ардақтаймыз ана тілін

«Жеміс жинау » ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру

-           Қауын мен Қарбыз ертегісінің авторы кім?

-           Ертегі не туралы?

-           Қауын мен Қарбыз қаншай шешімге келді?

-           Қауынды кім тауып алды?

-           Қарт қауынның дәнін не істеді?

-           Қай кейіпкердің іс-әрекеті дұрыс? Неліктен?

-           Балалар, бүгінгі сабақта қазақ халқының ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры туралы сөз қозғап, мысал өлеңдерд

ерекшеліктері туралы үйренеміз. Олай болса видео роликті тамашалайық

-           Мәнерлеп оқыту

-           Сөздік жұмыс

Балалар, мысалдың ішінде қандай сөз түсініксіз?

Һәм - және

Ғибрат -  үлгі

ЖЖ : Оқушылар мозайка құрастырады. Шыққан суреттер (аққу, шортан, шаян) туралы сипаттау.

Дәптермен жұмыс. Мозайкадан шыққан суретті дәптерге сипаттап жазады. (Әр қатардан бір оқушыға оқыту) «Үш шапалақ» арқылы бағалау.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Қане, қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай,

Жүзіп, жүзіп алайық,

Қане, айналып, қарайық

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

ТЖ (топтық жұмыс) «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша жаңа тақырып бойынша жұмыс жүргізу.

І-топ: А.Байтұрсыновтың өмірі

ІІ-топ: А.Байтұрсыновтың мысалдары

ІІІ-топ: А.Байтұрсыновтың өлеңдері

IV-топ: Аққу, Шортан һәм Шаянды сахналау

V-топ: Бірлік, ынтымақ туралы мақал айту

VI-топ: Бірлік туралы 5 жолды өлең

(Әр топты «Отшашу» арқылы бағалау

Бағалау«Жетістік» баспалдағы.

 

Автор:
Гулмира Мусаева, №25 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Талдықорған қаласы