Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білімнің бастауы – балабақшада


27 сентября 2019, 10:02 | 2 289 просмотров



Мақсаты: 1 қырқүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.

Ата – Заң күні мерекесін атап өту.

Тәрбиеші: - Балалар қандай керемет! Бүгін көңіл күйіміз шарықтап тұр. Себебі бүгін мереке ғой. Ия, бүгін білім күні. Ендеше балалар өзіміз жаттаған тақпақтарымызды ортаға салайық.

  • Өмірдің бейбіт бағы бұл

Асудан асып асқарлы.

Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.

  • Бала – бақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіруде бақшаңыз.

  • Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз – осы үйдің гүліміз

Біз – осы үйдің сәніміз

  • Егемен елдің төсінде

Шуағын шашқан арай күн

Азамат болып өсеміз

Қызыға әлем қарайтын

Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің, сүйікті асқақ әнін

Мерекеде бәріміз бір дауыспен

Шырқайық еліміздің әнұранын.

 

ҚР Мемлекеттік Әнұраны

 

(Ортаға «Бақыт құсы» ұшып келеді. Қолында шар)

 

Бақыт құсы: Сәлем достарым. Мен бақыт құсымын. Қариясы сыйлы, балалары бақытты, Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.

Тәрбиеші: - Балалар бақыт құсы мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына сиқырлы шарға жинап жүр екен. Бұл сиқырлы шар еліміздің көгінде барша Қазақстандарға нұрлы шуағын шашып тұратын болады. Балалар, ойлап отырған боларсыңдар неліктен қос мереке деп?

Бақыт құсы:  Бүгін білім күнінен басқа тағы қандай мереке?

Тәрбиеші: 30 тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң – елдегі бақыт пен бірліктің, бостандыұ пен теңдіктің кепілі.Енді балалар Ата Заң күні мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық.

  1. Ата Заңым – тірегім

Арман, үміт, тілегім

Өрлеп, өскен бүгінгі

Өз Отаным, ұлы елім.

  1. Ата Заңым – қуатым

Сенім мақсат, мұратым

Мақтанышым тек туым

Көкте шалқып тұратын!

  1. Біз – еліміздің жас өркеніміз

Желді көрген желкеніміз

Желбіретер көкте туын

Біз – еліміздің ертеңіміз

Тәрбиеші: - Балалар мереке тағыда қуанышты болсын. Шаршамай талмай білім теңізіне сүңгиік. Биіктерді бағындырудан жалықпайық.

  • Ғылымның көп тас қамалы

Ғалымдықта асқаралы

Бар білімнің бастауы

Балабақшадан басталады.

 

 

 

 

Автор:
Айжан Сағымбекова, №25 орта мектебі» КММ Айгөлек»тобының тәрбиешісі.Талдықорған қаласы.