Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алматы облысында 12 бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек көрсетілді


27 сентября 2019, 16:03 | 77 просмотров



Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы және аудандық, қалалық филиалдары  әр айдың үшінші жұмасында «Бастауыш кәсіподақтағы бір күн» шарасын ұйымдасытырып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуді дәстүрге айналдырған. Аталған шара ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні жалғасын тауып, облыстық ұйымның өкілдері Кербұлақ ауданына барды.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Нариман Естібаев, бас мамандар Маржан Жұмабек, Ләйлә Сағынғалиқызы алдымен Беріктас ауылындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.

Жиынды Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Жақан Ноғайбайұлы жүргізіп, кәсіподақтың негізгі бағыттарына түсініктеме берді. Келесі сөзді облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Нариман Естібайұлы алып, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бағыттарға тоқталып, «Педагог мәртебесі туралы» заңның жобасындағы өзгертулер мен толықтырулар жайын айтты. Биылғы оқу жылын облыстық ұйым «Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы» депжариялағанын жеткізіп, осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Шара барысында кәсіподақ мүшелері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, толық жауап берілді.

Кездесуден кейін қоғамдық бірлестіктің өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Ұйым төрағасы Эльмира Жарқыніс-номенклатурасына сәйкес құжаттарын көрсетсе, мектеп басшысы Мадина Жаңабайқызы оқу ғимаратында төтенше жағдайларды алдына – алу шараларының жүргізілгенін және оқу кабинеттерінің талапқа сай жабдықталғанын жеткізіп, оқу ғимаратын аралатты.

Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымының қызметкерлері Кербұлақ ауданына қарасты Шұбар, Ақжар орта мектептерінің атқарған жұмыс барысын қадағалады. Бұндай шара облыс көлемінде өтіліп, жалпы 12 бастауыш кәсіподақ ұйымына әдістемелік көмек көрсетілді.

Автор:
Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі