Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жастардың алтын бесігі» атты кездесу


3 октября 2019, 06:14 | 1 863 просмотра



26 қыркүйекте Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің Сервис және технология колледжінде «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабпен бірлесіп «Жастардың алтын бесігі» атты кездесу  өткізді.  
       Шараның мақсаты жастарды түрлі салада жетістікке қол жеткізген белгілі тұлғалардың табыс тарихымен таныстыру, ақпараттық ілгерілету.
Кездесудің қонақтары: ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2019 жылғы жеңімпазы Жұмабек Ержан, Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық келісім кенесінің орынбасары, «СҚО Медиа-центр» бірлестігінің директоры Сабитов Салимхан. Шараға облыстық «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының төрағасы Р.Усанова, Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің Сервис және технология колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. 
Басқосуда қатысушылар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарына түрлі бағытта сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Автор:
Қаратал ауданың ішкі саясат бөлімі