Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі


4 октября 2019, 04:34 | 1 808 просмотров


Мектеп:  " М.Хамраев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тексерілді

Сынып: 8а

Күні:15.02.19ж

Мұғалімнің есімі:

Боқаева Айзада

Сабақ    №       107

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

М. Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

8.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру

8.О6. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

8.ТБ1.3. Етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар:

·         Шығармамен танысып, сюжеттік негізінде дамуын баяндайды;

Оқушылардыңбасымбөлігі:

Сюжеттіңбөлшектерінбір- біріненажыратады;

Кейбіроқушылар:

Шығарманыңбөлшектерінталдайды, сюжеттікжелісібойыншаұтымды ой айтады

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Дала тағысы, жыртқыш, қатігез, табиғат перзенті, тақырып, идея, сюжет, арлан.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан,оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды, ол-түз тағысы , ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.

Ресурстар

 Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Алдыңғыоқу

Мен елімнің ертеңімін

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланғанжаттығулар

 Ресурстар /бағалау

Басталуы

 

 «Әпіптер тілегі» арқылы өз тілектерін жеткізеді.

Суреттер арқылы топқа бөлу

 

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

 Миға шабуыл

-Мұхтар Әуезов кім? (М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді)

-Мұхтар Әуезовтың қандай шыңармаларын білесіңдер ?

Ойтүркі

 (Интербелсенді тақтадан  «Көксерек» фильмнен үзінді көрсетіледі )

      1-топ

-Адам  мен қоршаған ортаның байланысы жайында ойланып көрдік пе?

2-топ

-Бұл қандай фильм  деп ойлайсыңдар ? Бұл фильмді көрдіңдер ме?

Суреттер, оқулық, күлегеш, ,т.б

 

 

 

Ортасы

 

 

Тыңдалым

«Ойлан ,жұптас,талқыла» әдісі

1-тапсырма  Үнтаспадан мәтінді тыңдап , негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар.Өз ойларыңды дәлелдеп айтыңдар.

Дескриптор

Үнтаспадан мәтінді тыңдайды

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды

Өз ойларын айтады

—айтылым .2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып ,берілген мәліметтер бойынша  дұрыс-бұрыстығын айтыңдар

?Жазылым

Бес жол өлең стратегиясы. «Синку-эй » әдісі бойынша  1-топ «Қасқыр»

2-топ «Аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

   1-топ

1.Қасқыр

2. Жыртқыш,қомағай.

3. Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

4. Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

5. Бөрі,көкжал.

     2-топ

1. Аңшы

2. Қырағы,сақ

3. Атады,көздейді, аулайды,

4. Аңшы қансонарда аңға шығады.

5. Мерген

 

 Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекция

«Жуан және жіңішке» әдісін қолдану сұрақ қою мәнерін жетілдіреді. «Жіңішке»  сұрақтар – бірсөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білудіталап ететін сұрақтар.

- Мұхтар Әуеов  әңгімені неге «Көксерек» деп атаған,  жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз? (Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды,  адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі.)

- Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсыңыз?( Табиғатқа жасалған қиянат)

- Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында  табиғатқа қиянат келтіргендерді  «екі аяқтылар» деп суреттеген.)

 Табиғатқа  қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе).

-Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Әженің  қарғысымен аяқталады. Әженің  қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы).

-.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? (Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа
Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы)

-Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатан заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?

Дескриптор:

-Оқушылар диалогқа түседі

-Берілген жуан  сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтады.

«Білімқоржыны».Сабақтаналғанəсерлерінжелімқағаздарғажазып,қоржындарға жабыстырады

 

  Кері байланыс

B    үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Мәтіннен өсімдіктер атауын табыңдар. Сол атауларды қатыстырып, табиғатты суреттеп жазыңдар. Күшейткіш үстеулерді қолданыңдар.

Күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

 

 

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

 

 

 

 

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

 

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

 

 

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім.

 

 

 

 

         

 

Айзада Боқаева,

 

«М.Хамраев атындағы орта мектеп МДШО» мұғалімі.

   

 

Автор:
Айзада Боқаева, «М.Хамраев атындағы орта мектеп МДШО» мұғалімі.