Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үш вагон рельстен шығып кетті


7 октября 2019, 15:14 | 447 просмотров



Алматы облысында үш вагон рельстен шығып кетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Оқиға Алматы облысында орналасқан Қопа станциясындағы Алматы — Отар аймағында болған. «6 қазанда сағат 21:07-де Қопа станциясында №3471 жүк пойызы «тарту» режимінде тежеуіш сызығында қысым төмендегендіктен машинист 23, 24, 25 вагондарының түсіп бара жатқанын байқаған. Қалыпқа келтіру пойызы Алматы станциясынан сағат 21:47-де жүріп кетті», — делінген хабарламада. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автор:
https://jasqazaq.kz