Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Ұстазыма махаббатпен» атты хат Жетісу өңіріне де келіп жетті.


7 октября 2019, 10:25 | 2 140 просмотров



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Ұстазыма махаббатпен» мерекелік құттықтау хаты өз  адресатына жетті.

«Ұстаздар күні» қарсаңында Шагиметова Ұлболған Қасыбекқызы үшін Күләш Ноғатайқызының атынан келген құттықтау хаты мен «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетіне бір жылдық сертификатыжағымды тосын сый болды.

70-жылдары Ұлболған Қасыбекқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі Күләш Шәмшидинованыңсынып жетекшісі болатын. Ол кезде жас Күләш небәрі 5-сыныпта Шұбар ауылындағы Нұрмолда Алдабергенов атындағы мектеп-интернатында оқитын. Үш жылдан кейін педагогикалық кеңестің шешімімен Алматы қаласына жолдама алып, дарынды балаларға арналған мектептеоқуын жалғастырды,бірақҰлболған Қасыбекқызы үшін Күләш Шамшидинова өміріндегі ең үздік оқушыларының бірі болып қала берді.

  - Куләш сынып старостасы және үздік оқушы болатын. Нәзіктігіне қарамастан, мықты мінезді және өткір ойлы еді. Мен ұстаз ретінде өз шәкірттерімді жақсы білетінмін және менің Күләшім болашақта үлкен биіктерге жететініне сендім. Өз шәкірттерінің жетістіктерін көру, олардың алғысын алу - кез-келген мұғалім үшін ең үлкен сый, - деп Ұлболған апа өз естеліктерімен бөлісті.

Ұлболған Қасыбекқызы - қазір зейнет демалысында, 12 немересі мен 5 шөбересі бар. Бос уақытында ән айтқанды ұнатады, сонымен қатар Талдықорған қаласының ардагерлер хорының мүшесі.

 

 

Автор:
Nis Taldykorgan