Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Медициналық сақтандыру қоры елордалық медицина ұйымдарына жыл басынан бері 75,8 мрд теңге төледі


24 октября 2019, 09:07 | 907 просмотров



«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін елордалық медицина ұйымдарына 75,8 мрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде  (ТМККК) бөлінді.   

«2019 жылдың 22 қазанындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт жасаған қаладағы медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға 75,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 74,7 пайызын құрайды.

Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - дейді ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсету үшін елордамыздың медицина ұйымдарымен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 101,5 млрд теңгені құрайды. Бұл 2018 жылы бөлінген (90,3 млрд) қаржыдан 11 пайызға артық.  

Биыл Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы тегін медициналық кепілдендірілген көмек аясында медициналық көмек көрсетуге 106 медициналық қызмет жеткізушілермен 146 келісімшарт жасалды. Олардың ішінде жеке меншік клиника да бар,  Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 34 %-ға артқан.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері бойынша  үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы – Қор бақылауында.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.