Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Асқар Мамин: Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жетілдіру үшін барлық шараларды қабылдайды


24 октября 2019, 09:44 | 1 019 просмотров



ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI Съезіне қатысты.

«Үкімет пен “Атамекен” ҰКП Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаевтың алға қойған экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру үшін тығыз өзара іс-қимыл орнатқан», — деді А. Мамин. 

Бүгінде еліміздің белсенді тұрғынының 30%-дан астамы шағын және орта бизнеспен айналысады. Экономикадағы ШОБ үлесі 28,5% құрайды. 

«Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, біздің алдымызға аталған көрсеткішті 2025 жылы 35% дейін жеткізу және 2025 жылға қарай 50% дейін жеткізу жөнінде стратегиялық міндет қойылған. Ол үшін жүйелі және құрылымдық шаралар кешені қабылданып жатыр», — деді А. Мамин.

Өңдеу өнеркәсібі, отын-энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм, көлік және логистика салаларының инвестициялар тартуға үлкен әлеуеті бар.

«Біз отандық бизнесті аталған процестерге белсене қатысуға шақырамыз және қазақстандық әрі шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырысамыз», — деді А. Мамин. 

Атқарылған жұмыстардың арқасында Қазақстанның Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингіндегі позициясы 25 орынға дейін көтерілді. Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту мақсатында заңнамалық бастамалардың 8-пакеті әзірленуде. Ол банк шоттарын ашу, кәсіпорындарды тіркеу, соның ішінде ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу рәсімдерін одан әрі жеңілдетуге, сондай-ақ, миноритарлық акционерлерді қорғауды күшейтуге бағытталған. 

«Кәсіпкерлердің адалдық презумпциясы» қағидалары заңнамалық түрде қойылады. Барлық белгісіздіктер және әрекет етіп тұрған заңнамамен реттелмеген мәселелер кәсіпкерлік субъектісінің пайдасына қарай түсіндіріледі. Бизнес пен азаматтарға қосымша міндеттер жүктейтін нормаларға қатысты «өтпелі кезең» қарастырылған. 

Үкімет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған жылдары 2,5 трлн теңге жалпы несие сомасына 14 мыңнан аса жоба субсидияланғанын атап өтті, төленген субсидиялардың жалпы көлемі 240 млрд теңгеден асқан. 

«Мемлекеттік бағдарламаның өте тиімділігін ескере отырып, оны іске асыру мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылатын болады», — деді А. Мамин.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында 24 мыңға жуық шағын несие берілген. Нәтижесінде, 22 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 3 жыл ішінде бизнес жүргізу негіздеріне 88 мыңнан аса адам оқытылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қосымша 300 мыңға жуық адам қамтылатын болады. 

Премьер-Министр жергілікті қамтуды дамыту ерекше бақылауда екенін айтты, ішкі нарықты қауіпсіз емес әрі сапасыз өнімдерден қорғау шаралары қабылдануда, «қарапайым заттар экономикасы» Жобалық кеңсесінің функционалы арттырылды, импорт алмастыру үшін 10 басымдықты тауарлық топтар анықталды. 

«Бұл импорттың $5 млрд-қа жуық қысқаруын қамтамасыз етуге, инфляция импортын және несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар үшін мемлекет барлық қажетті қолдау шараларының пакетін ұсынатын болады», — деді А. Мамин.

Кәсіпкерлікті дамыту көбіне-көп өңірлік сипатқа ие. Осыған байланысты Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өңірлердегі өсу көздерін анықтау үшін елдік скрининг жүргізді. Бүгінде жүйеге респонденттер туралы 1,8 млн-ға жуық мәліметтер жүктелген. Сауалнама еліміз бойынша 6 мың елді мекенде жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, мемлекеттік қолдау шаралары «аудандық және ауылдық округтер деңгейінде» әзірленетін болады. 

Үкімет басшысы маңызды міндет ретінде қосылған құны аса жоғары шикізаттық емес тауарлардың экспортын арттыру міндетін атады. Осы мақсаттарда алдағы 3 жылға 500 млрд теңге қаржы бөлінген. Экспортты әртараптандыру үшін 7 тауарлық топ анықталған. 

«Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдайлардың жасалуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Біз бизнес-ортаны одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», — деді А. Мамин.