Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кірпінің тоны


12 ноября 2010, 19:55 | 2 676 просмотров



(Аңыз)

Бұл ертеде бол-ған оқиға. Ол кезде кірпінің инесі болмапты. Бірде кірпі үстіндегі күртешесінің тозғанын байқайды. Ол «қой, ескі күртешемді тастап, жаңасын тіктіріп киейін»-, деп ойлайды. Сөйтіп өрмек тоқып жатқан өрмекшіге келеді.

-Өрмекші, маған жіп берші?-дейді кіпрі.

- не үшін?

- Күртеше тіктірейін

- Мақұл берйін.. Бірақ кімге тіктіресің ?

- Орман шетінде тұратын тігіншіге

- О, ұзааақ жол жүруің керек екен ғой, жіппен бірге инелерді де алып ал, өйткені тігіншінің инесі жоқ екен.

- Оны қайдан білдің?

- Қоян айтты. Жақын арада ол өзіне әдемі тон тіктіріп алыпты.

Сөйтіп, кірпі шыршаның қылқанын жинап алып, жолға шығады. Ол орман арасымен келе жатып тоқылдақты көреді. Ол ағаш діңінін кішкентай жәндіктерден тазартып жатыр екен. Жоғарыдағы тоқылдақтың қимылына қараған кірпі жүре беріп сүрініп кетеді. Қолындағы дорбасы бір жаққа ұшып кетіп, инелерін шашып алады. Шөптің арасынан инені жинауға кірпіге бір аптадай уақыт керек. Кірпі ары ойланып, бері ойланып ақыры тігіншіге құры қол баруға бел буады. Аз журді ме көп жүрді ме, бір кезде іздеген тігіншісіне жеттім-ау деп ойлайды. Ептеп басып, есік тоқылдатады. Тігінші оның не матасыз, не инесіз келгенін көріп, оны тыңдағысы келмей үйіне шығарып салады. Сапары сәтсіз болған кірпі әбден шаршап-шалдығып, бір биік жуан ағаштың астына келіп дамылдайды. өзі қызық ағаш екен. Кәдімгі ағаштар секілді жапырағы жайқалып емес, найза секілді тікірейген қылқанды ағаш екен. Кірпі: «менің осы найзалардай тігілген тоным болса ғой»-,деп армандаумен қалғып кетеді. Мұны естіген орман билеушісі кірпіге жаны ашып, сол инелерден тон сыйламақ болады. Тонын неден тіксем екен деп қарап тұрғанда бір ағаш көзіне түседі. Орман тігіншілерін шақырып, кірпі оянғанша әдемі тон дайындауды тапсырады. Күннің сәулесі алтындай жарқырап, айналадағы тіршілік атаулы оянады. Кірпі де ұйқысынан оянып, жан-жағына көз салып қараса жанындағы бір белгісіз затты көреді. Жақындап келіп қараса, тон екен. Мүмкін, біреу жоғалтып алған шығар, иесі іздеп келер деп біраз тосып отырады. Бірақ ешкім тонды іздемейді. Не болса кешегі тігінші мені аяп, тігіп тастап кеткен болар деген оймен тонды киіп алады. Сол –сол-ақ екен қайдан келгені белгісіз бір қасқыр сап ете түседі. - «Іздегенім бір өзіңсің, таңғы асым боласың»-, деп кірпіге тап береді. Кірпі сүрініп кетіп, домалап құлап түседі. Сол кезде қасқырдың жан даусы шығады. Жалт қараса өзін жеймін деп келген қасқырдың бет-аузы қып-қызыл қан. Тонның тікендері қадалып қалыпты. Аман құтылғанына қуанған кірпі «тоным барда енді мен ешкімнен де қорықпаймын»,- деп масатанады. Тоны үшін кімге рахмет айтарын білмей тұрғанда, өзінің тонына ұқсайтынын аңғарады. «Е, осы ағаш маған тонын берген екен»-,деген оймен ағашқа алғыс айтып, үйіне қайтады. Міне, қарағай тікендері кірпіге тон болып, жауларынан қорғанып, азығын табуға үлкен көмек болған-мыс.

Автор:
Ж. Тұрсынова 4 сынып оқушысы Беріктас орта мектебі Кербұлақ ауданы