14 ноября 2019, 09:36 | 779 просмотров
Алматы облысында жүргізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына қарасты Талдықорған филиалының мамандары Ақсу аудандық полиция бөлімі жеке құрамымен, Жансүгіров ауылындағы Сәтбаев мектебі мен №21 кәсіптік-техникалық лицей оқушыларымен, «Айжұлдыз» балабақша тәрбиешілерімен кездесу өткізді.
ЖИТС-пен күрес бойынша іс-шаралар мақсаты – АИТВ жұқпасы жайлы тұрғын халықты ақпараттандыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Эпидемиолог-дәрігерлер Р.Ақашева мен Д.Серікболатов ақсулық тұрғындарға және жасөспірімдерге аймақтағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды айтып берді.
Жастарға індетті жұқтыру жолдарын, алдын алу шараларын түсіндіріп, әдепті мінез-құлық денсаулық кепілі екеніне көздерін жеткізді.