Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ШЕБЕР ҚОЛДАР» САЙЫСЫ


17 ноября 2010, 21:08 | 5 521 просмотр


Мақсаты:

Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу,

Құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, тарақ, айна, желім, түрлі түсті қағаз.

Жүргізуші. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сіздер технология пәні бойынша өткізгелі отырған «ШЕБЕР ҚОЛДАР» атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жым отыру жарасама?

Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос, соға берме,

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,

Сонда ортақ боласың бар жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Алдарыңызда

Жұлдыз тобы және Арман тобы

1.Аукебаев Нуржан 1. Абдрахманова Тоқжан

2.Досболова Улдана 2. Әшімханова Сәния

3.Күштүков Самат 3. Абеов Олжас

4.Қырықбаева Мөлдір 4. Бекмурзанова Жулдыз

5.Сембаев Еламан 5. Қадырбай Айсултан

6.Юсупова Аида 6. Сағындыкова Зауре

Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1. Сағатбекова Назипа Капанқызы. – директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары.

2.Нусупова Шолпан Айдаржанқызы. – музыка пәнінің мұғалімі.

3. Урбан Татьяна Борисовна. – технология пәнінің мұғалімі.

Жүргізуші; Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адам-

ға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

Үй тапсырмасы. «СӘЛЕМДЕСУ, ӨЗ ТОПТАРЫН ТАНЫСТЫРУ». Ортаға Арман тобын шақырамыз, келесі Жулдыз тобы.

Әділ қазылардың бағалары.

Жүргізуші; Екінші бөлімнің шарты; алдарыңызда турған сандықтың ішінен бір зат алып соған жарнама жасау қажет. Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі. Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық.

Міне көзді ашып жұмғанша екінші бөлімімізде аяқталды. Осы бірінші және екінші бөліміміздің жалпы ұпай санын айтуға әділ қазыларға сөз берейік.

Сайысымыздың келесі бөлімі «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» ортаға шашы ұзын екі қыз және екі ул бала шақырылады. Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет. Келесі сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылардан «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» жарысының бағасын беруді сұраймыз.

Ал енді сайыскерлерімізді көп тостырмай «ЖОРҒА» сайысын бастайық. Бұл сайыс ең шешуші кезең болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты; бір минут аралығында 15 сурақ оқуға тырысамын, дұрыс жауабын білмесеңіз келесі деп жалғастырасыз. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.

Арман тобынан топ басшысын шақырамыз. Ал жорға жарысымызды бастайық.

Автор:
Ш.Г.ШУКЕЕВА,Ш. Уәлиханов атындағы 10 орта-мектеп гимназиясының технология пәнінің мұғалімі