Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жамбылдық жастар жарады


21 ноября 2019, 09:13 | 1 383 просмотра



Жамбыл ауданы, Жаңақұрылыс ауылындағы Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектепте ЖИТС-пен күрестің Дүниежүзілік науқанына орай әсерлі акция өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының жас мамандары А.Сұлтанова мен М.Чажаева аудандық Жастар денсаулық орталығымен бірлесіп жасқспірімдерге АИТВ жұқпасын жұқтыру мен алдын алу шаралары жайлы айтып, аймақтағы эпижағдаймен таныстырды.

«АИТВ туралы не білеміз?» атты бейнеролик көрсетіліп, слайд-шоу тамашаланды.

Оқушылар өз тарапынан үлкен дайындықпен келгендерін байқатып, концерттік бағдарламасын ұсынды. Өнерпаздар мен ұйымдастырушыларға заттай сыйлықтар мен мақтау қағаздары  табысталды.

Автор:
Л.Байманова