Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Колледж басшыларымен кездесті


21 ноября 2019, 09:16 | 880 просмотров



Жастар, әсіресе колледж студенттері арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған қаласындағы филиалында дөңгелек үстел өтті.

Дәрігер-эпидемиологтар А.Кәріпханова мен Р.Ақашева дөңгелек үстелге жиналғандарға алығс айтып,  адамның иммун тапшылығы вирусы, «терезе кезеңі», қауіп-қатер тобы, таралу жолдары және АИТВ-ның алдын-алу шаралары туралы ақпарат берді, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес айлығы жоспарымен бөлісті.  

Колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес айлығына қосар ұсыныстарын айтты.  Пікірталас өрбіп, сұрақтарға жауаптар берілді.

Автор:
И.Баймолданов