Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорғандық колледж студенттерімен жатақханадағы кездесу


29 ноября 2019, 12:03 | 149 просмотров



Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында Талдықорған өндірістік индустриасы және жаңа технологиялар колледжі мен Талдықорған политехникалық колледжінің  студенттері үшін Жастарының денсаулық орталығымен бірлесе отырып семинар өтті.

Колледж жатақханасында еркін пікір алмасу жағдайында өткен кездесуде Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы Марал Матембаева аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ жұқпасының берілу жолдары және алдын-алу шаралары, Дүниежүзілік ЖИТС-мпен күрес науқанының мақсаты жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтары, стигма және дискриминация тақырыбын көтерді.  Сөзінің соңында ол жас қыз-жігіттерді денсаулығын күтіп,  өмірін қадірлеп, зиянды әдеттерден арылуға шақырды.

Жастар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, қызу пікірталас өрбіді. Іс-шара соңында пайдалы кеңестері үшін ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жеткізді.

Ал дәрігерлер АИТВ-ға тексерілуге ​​ынталы жастарға алдын-ала кеңес берді. Ақпараттық материалдар таратылып, бейнероликтер көрсетілді, 70-тен астам адам сауалнама толтырды.

Автор:
Р.Сахариев