Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Математика пәнінде КАНБАН технологиясын қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту


2 декабря 2010, 08:51 | 4 840 просмотров



Қазіргі кезеңде педагогикалық технологиялар қоймасы үнемі толықтырылып отырады. Сол себептен мектебіміздің мұғалімдері осы технологияларды оқып-білу және ендірумен айналысуда.

Оқушы құзіреттілігін дамытудың қайнар көзі болып табылатын , бақылаушыдан белсенді таным иесіне ауысуға көмектесетін КАНБАН технологиясын математика сабагында қолдану тәжірибесісен бөліспекпін.

КАНБАН технологиясы оқушылардың оқу материалын толығымен қабылдауына,шығармашылық,проблемалық және зерттеу тапсырмаларын көптеп еңдіруге,бақылау және өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді .

КАНБАН технологиясы бірлесе,ынтымақтаса еңбек ету қажеттілігіне баса назар аударады .

КАНБАН технологиясы шығармашылықпен ойлау қабілетін арттыру шарттары еңдірілген білім алу қызметінің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді .

Мұғалімнің педагогикалық,әдістемелік,коммуникативтік, ақпараттық, дара құзіреттілігі – оқушы құзіреттілігін дамытуға бағытталған, нәтижесінде ақылды,қабілетті, дарынды, жан-жақты азамат қалыптасады .

Адамзаттын есінде құрғақ жаттаудан гөрі, практикалық жұмыс, сұрақтарға жауап іздеп табу және мәселелерді өздігімен шешуге байланысты жағдайлар көбірек сақталатыны дәлелденген .

Р Шонбергердің Жапондықтардың өндірісті басқару әдісі атты еңбегіндегі негізгі идеясы сондай сабақ моделін ізденуге итермелейді .

Осы технология бойынша Тойота фирмасы өндірісте қандай жоғары нәтижеге жетсе, білім беруде де жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады .

КАНБАН технологиясының жұмыс қағидасы :

1.Тапсырма бойынша микротоппен дайындық

2.Оқыту барысы рационалы материалды қолдану,

3.Үздіксіз тапсырмалар арқылы жауап сапасын көтеру,арттыру

4.Тұрып қалмау үшін керексіз жұмысты істемеу

5.Тапсырма деңгейлерін жақсарту

6.Сабақ көрсеткішінің маңызы тек барлық жұмысты орындау ғана емес,сол сияқты оның жылдамдығы

КАНБАН технологиясы бойынша сабақ өткізу үшін қажетті жағдайлар

-Оқушылар саны 32 аспау керек

-Сабақтың уақыты 45 минут

-Тақтаның көлемі 4 адам жұмыс істей алатындай болу керек

-шағын топтардың құрамы бойынша

-Оқушылар ұсынылатын тапсырмалар мен олардың шешілу жолдарымен таныс болуы керек

-Тапсырмаларда оқушылардың даму деңгейіне сәйкес проблемалық және іздену жұмыстары болу керек

-Оқушылар берілген тапсырмалардың біртіндеп күрделенетінін білуі керек

-Шағын топтардың барлық тапсырмалары бекіту кезеңінде өнделеді 11 сыныпта «Теңдеу» тақырыбы бойынша қайталау сабағында КАНБАН технологиясын қолдануымен таныстырайын

Сабақтың тақырыбы: Теңдеу.

Сабақтың мақсаты: -оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін қалыптастыру.

-осы тақырып бойынша тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлауын дамыту.

-оқушыларды ұйымшылдыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Ауызша есептер

3.Үй жұмысын тексеру.

Топтармен жұмыс

1 топ: алгебралық теңдеу

1) Алгебралық теңдеудің тарихы

2) Кілт сөздер

3) Тірек схемалар

4) Мысалдар

5) Кроссворд

6) өздік жұмыс

Кілт сөздер

1) Теңдеу

2) Теңдеуді шешу

3)Теңдеудің түбірлері

4) Тәсілдері

5) Сызықтық теңдеу

6) Квадраттық теңдеу

7) Биквадраттық теңдеу

8) Бөлшек теңдеу

ІІ топ. Көрсеткіштік теңдеу

Кілт сөздер тірек схемалар мысалдар

Көрсеткіштік теңдеу

Анықталу облысы

Дәреже

Көрсеткіш

Шешу алгоритмі

Ребус математикалық ойын

шешу

ІІІ топ.Логарифмдік теңдеулер

1) Логарифмдік теңдеулер

Tәсілдері

1)Логарифмнің анықтамасын қолдану арқылы

2)Мүшелеп логарифмдеу

3)Жаңа айнымалыны енгізу

4)Потенциал

1)Мысалдар 3) математикалық ойын

5)Талдау, бірі-біріне сұрақ қою

4.Жаңа материалды бекіту

«Шахмат ойыны»

(ІІІ топпен жұмыс)

Жауаптар дұрыс шешілсе, сөйлем «Ынтымақ-оқ өтпес сауыт, татулық-тамаша сауық»

5.Қорытындылау, бағалау

6.Үйге тапсырма: талапкер 2 бөлім «Теңдеу»

Автор:
Л.Қ.БАЙТАҒҰЛОВА, Н. Островский атындағы №8 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі