Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сөз тіркесінің түрлері


2 декабря 2010, 08:49 | 6 165 просмотров


1. Білімділік: оқушыларға сөз тіркесінің түрлері, ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы нақтылы түсінік беру.

2. Дамытушылық: сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жұмыстар жүргізу, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: талдауға арналған мысалдар арқылы отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: іздендіру, сөйлеу, талдау, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың жабдықталуы: сөз тіркестерінің түрлеріне арналған кесте, сөйлемдер, сызбалар.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.

Оқушыларға сабақ мақсатын айту.

Жаңа сабаққа даярлық сұрақтары:

1.Сөз тіркесі дегеніміз не?

2.Сөз тіркесінің айырықша белгілері қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру .

1.Сөз тіркестері қандай сыңардан тұрады?

2.Сөз тіркесін жасауға тірек болатын сөз қайсы?

3.Сөз тіркесінің күрделі сөздерден айырмашылығы неде?

Әр қатардан бір-бір оқушыға карточка беріледі. Берілген тапсырма бойынша ойланып, ауызша сатылай талдау.

1-карточка

Тапсырма.

«Он екі» сөзін сатылай талда.

2-карточка

Тапсырма.

Келе жатыр сөзін сатылай талда.

3-карточка

Тапсырма.

Көк ала сөзін сатылай талда.

Кестемен жұмыс

Сөз тіркестерінің түрлеріне арналған кестелер арқылы айырмашылықтарын оқушылардың өздеріне талдату.

Еркін тіркес Тұрақты тіркес

жүрегі ауырды жүрегі шайылды

ескі қоныс ата қоныс

қолы қимылдады түйе үстінен қимылдады.

Есімді тіркес Етістікті тіркес

қара көз үйге келді

оқыған жас кітап оқиды

жақсы кітап кітап оқыған

жаңа үй көзді сүртпе.

Сөз тіркестерін сатылай талда:

І.Сөздердің арасындағы синтаксистік қатынас- толықтауыштық қатынас.

ІІ. Грамматикалық мағынасы.

-қимылдық объектіге қатынасы.

ІІІ. Құрылымы:

1.Басыңқыға байланысты сөз тіркесінің түрі: етістікті тіркес;

2.Моделі: зат есім + етістік;

3.Байланыс түрі: меңгеру;

4.Байланыс тәсілі: синтетикалық (қосымша арқылы);

5.Құрылысы: дара

Оқулықпен жұмыс: жаттығулар.

Үйге тапсырма: 2,3- деңгей «Отан үшін от кешкендер» тақырыбында шығарма жазу.

1-деңгей 255 – жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, есімді не етістікті сөз тіркесі екенін анықтап жазу. Олар жалаң сөз тіркесі не күрделі сөз тіркесі екенін ажырату.

Автор:
А.А.ТАЖИЕВА, «Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Сарқан ауданы