Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Байланыс орталығы 1411 болды қол жетімді 24/7 режимінде


20 января 2020, 07:39 | 1 056 просмотров



 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлері бұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.

1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:

- зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеу;

- көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;

-  атаулы әлеуметтік көмек;

- әлеуметтік қызметтер порталы;

- еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;

-  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да білуге болады.

Автор:
"Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы