Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ


4 февраля 2020, 04:51 | 1 891 просмотр



Балалардың қысқы серуенін ұйымдастырудың мақсаты- таза ауада қимыл-қозғалыс ойындарын ойнату арқылы балаларды шынықтыруда. Бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстардың барысында балабақшамыздың педагог қызметкерлері, балалар және ата-аналар бірлесе ат салысады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз дене тәрбиесі оқу қызметтерінің кестесіне сәйкес, таза ауада өткізілетін бөлімдерде шаңғы шана теуіп ойнайды.

Сонымен қатар қардан мүсіндерді ата-аналарымен,тәрбиеші апайларымен жасап шығармашылықпен айналысуда. Қыс қызығының ұйымдастырылуын бақылап, өзімде балаша қатты қуандым.Әсіресе, кішкентай шаңғышы қыздарымыздың 5жастан бастап "Масс- Стартқа" дайындалып жатқаны қуатты. Болашақта "Шаңғыдан әлем чемпионы" немесе "Ғажайып қар қалашығының архитекторы" 42 балабақша бүлдіршіні деп естіп қалсаңыздар таң қалмаңыздар

Автор:
Гульниса Тулымшакова