Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Дәрігерлер Қарғалы ауылдық мектебінде


5 февраля 2020, 04:12 | 1 378 просмотров



Жуырда Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологтары Меруерт  Чажаева мен Айгерім Сұлтанова Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының №3 орта мектебінде жастардың денсаулығы мен өміріне қатысты семинар өткізді.

АИТВ жұқпасынан жас ұрпақты қорғау, ол үшін жұқпаның берілу жолдарын ұқтыру – іс-шараның басты мақсаты. Оқушылармен бірге  ұстаздар қауымы да дәрігерлер кеңесін ұйып тыңдады. Өйткені АИТВ жұқпасы – бүкіл қоғамға тән індет, әсіресе бұл аурумен тепсе темір үзетін жастан бастап еңбекке қабілетті орта жастағы азаматтар мен азаматшалар көбірек жұқпаланып жатқаны өтірік емес.  

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай барысын түсіндірген соң, мамандар АИТВ жұқпасының берілу мен алдын алу шаралары туралы айта келіп, жұқпамен өмір сүретін жандарға деген стигма мен кемсітушілікке жол берілмеу керектігіне баса назар аударды.

Семинарға 81 шәкірт қатысты, барлығына ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

Автор:
Л.Байманова, эпидемиолог-дәрігер Алматы облыстық ЖИТС орталығы