Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АИТВ жұқпасының алдын алайық


5 февраля 2020, 04:14 | 1 709 просмотров



28-31 қаңтар аралығында «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК алдын алу бөлімінің мамандары  Айгерім Сұлтанова мен Меруерт Чажаева Жамбыл ауданының орталығы – Ұзынағаш ауылының бірқатар мектептерінде жоспарлы АИТВ жұқпасының  алдын алу іс-шараларын жүргізді.

Атап айтқанда, эпидемиолог-дәрігерлер Абай, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы білім ордаларының оқушылары мен мұғалімдеріне пайдалы дәрістер оқып, АИТВ/ЖИТС жайлы білімдерін толықтырды.    

Дәріс барысында АИТВ індетін жұқтыру жолдары, стигма және дискриминация тақырыптары көтерілді. Өңірдегі АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы жарияланды.

Іс-шара мақсаттарының бірі – мектеп оқушыларымен есірткіні қолдану салдары және АИТВ жұқтыру қаупі туралы өзара сенімге негізделген ашық әңгіме өрбіту, сол арқылы оқушылардың кез-келген есірткінің алғашқы сынағына теріс көзқарасын қалыптастыру.

Жасөспірімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға толықтай жауаптар алды.

Кездесу соңында АИТВ-ның алдын-алу туралы бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Автор:
Г.Жақанова, Алматы облыстық ЖИТС орталығы