Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Семинар қатері ісік ауруларының алдын алу бойынша


11 февраля 2020, 18:01 | 166 просмотров



6 ақпан - ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК аудандық емхана мәжіліс залында,  «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу» және Қытайда шыққан аурулардың бірі-Короновирус ауруының алдын алу бойынша медициналық колледж студенттерінің арасында семинар ұйымдастырылды.

Семинарға инфекционист дәрігер; А.Қ.Мурзатаева, онколог Т.А.Арынов, емхана меңгерушісі Н.Е.Хусайнов ,және СӨС бөлмесінің мамандары қатысты. Семинарда инфекционист дәрігер; А.Қ.Мурзатаева, Қытайдың Ухань қаласынан шыққан ауру  Короновирус туралы жұғу жолдары,белгілері,таралуы,емделуі және қәзіргі аудандағы эпид-жағдайды түсіндіріп айтып өтті. Онколог дәрігер Т.Арынов аудандағы қәзіргі қатерлі ісік ауруларының көрсеткіштері мен аурудың жалпы сипаттамасы туралы  статистикалық мәліметтер берді. Семинарды СӨС бөлмесінің мамандары Г.Оразбақова, Л.Шалимбаева «Короновирус» және «Қатерлі ісік аурулары» туралы бейне роликтер көрсетіп  брашюралар,мен  парақшалар таратып аяқтады.

Автор:
Л.Шалимбаева, СӨС маманы ШЖҚ «Панфилов көпсалалы ауданаралық ауруханасы» КМК