Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балаларға қауіпсіздік туралы сабақ өткізілді


11 февраля 2020, 18:04 | 164 просмотра



Сарқан ауданы ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша іс-шараларды балабақшада жүргізуде.

Балабақшаның адам өмірінде алар орны ерекше. Балалар үшін ол тек білім нәрін алар орын емес, сонымен қатар қарым-қатынас орны болып табылады. Ал, тәрбиешілер үшін ол қызмет орны, сондықтан да бұл орын жайлы және қауіпсіз болуы тиіс.

Балалық шақ әрқилы өмірлік танымдарды үйренумен танымал, соның ішінде қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін ойын негізінде, қызығушылық аттыру арқылы жүзеге асады. Осыларға сүйене, Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Е. Жагипаров және бас маманы Е.Турсунов  «Сіріңке - балаларға ойыншық емес» атты викторина жүргізді. Шара барысында балабақша тәрбиеленушілеріне ойын түрінде өрт қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт кезіндегі іс-әрекеттер мен түтіннен қалай қорғану керектігі үйретілді.

Балабақшалардың басты мақсаты - өз қызметкерлері мен тәрбиеленушілерді  өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және өрт болу мен жанудан сақтау.

Автор:
Е.Турсунов, Сарқан ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны.